8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қыркүйек 2019 3354 0
Қоғам

СЕРІК ЕГІЗБАЕВ – БҚО ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ

  Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев актив отырысында өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Егізбаев Серік Рахметоллаұлы тағайындалды.

             
               Серік Рахметоллаұлы Егізбаев – 1963 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «агроном», Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандықтары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Әр жылдары:
– БҚО әкімі аппараты бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары,
– ҚР Қаржы министрлігі департамент бөлімінің бастығы,
– ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы,
– ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары,
– ҚР ауыл шаруашылығының вице-министрі.
Күні бүгінге дейін «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
Ол ішкі саясат, білім, жастар саясаты, мәдениет, дін істері, тілдерді дамыту салаларына жетекшілік ететін болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»