8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Қыркүйек 2019 1383 0
Қоғам

САУСАҚ ІЗДЕРІМЕН АЛТЫ ҚЫЛМЫС АШЫЛДЫ

           Жуықта Орал қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары  қаладағы бірнеше саяжай қауымдастықтарына ұрлыққа түсіп, үй иелерін біраз әбігерге салған күдіктіні ұстады.

Қыркүйек айының 5-22-сі аралығында біреше саяжайдағы үйлерді тонаған 25 жасар жігіт кезекті ұрлық  үстінде  ұсталды. Ол үй иелерінің жеке мүліктері мен велосипедтерін ұрлаған, көп мөлшерде материалдық шығын әкелген.  Күдікті басқармаға жеткізілген соң  жедел криминалистік бөлімнің техник-криминалисі, полиция старшинасы Гайнеден Гумаров күдіктінің саусақ іздерін алып, өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға кірісті. Сүт пісірім уақыт өткен соң полиция старшинасы Гайнеден Садерденұлы оның бірнеше үйді тонағанын саусақ іздері арқылы дәлелдеді. Шындығында, күдіктінің саусақ іздері қыркүйек айының алғашқы күндері  тіркелген ұрлықтар кезінде алынған саусақ іздерімен сәйкес келді. Осылайша, техник-криминалист жедел-тергеу тобы басқармаға жеткізген ұрының бұдан өзге бес ұрлыққа қатысы бары бұлтартпас айғақтармен дәлелденді. Тергеушінің алдына барған күдікті заңға қайшы әрекеттерін, бірнеше саяжайларды тонағанын мойындады.  Еш жерде жұмыс жасамайтын Орал қаласының тұрғыны бұған дейін заң алдында жауапталған болып шықты. Ол  22 қыркүйек күні, кешкі сағат 18.00 шамасында «Автомобилист» саяжай қоғамындағы №51 үйдің терезесін сындырып, ішке кірген. Үй ішін емін-еркін аралап, жеке мүліктерді ұрлаған. Сәлден соң ауладағы моншаның терезесін сындырып, «Форвард» маркалы велосипедті де өзімен әкеткен. Саяжай иесіне 85 мың теңге шығын келді. Сондай-ақ  қыркүйектің 196-сы күні Деркөл ауылындағы «Вишенка-1» саяжай қоғамындағы №75 участоктағы үйдің терезесінен кіріп, жеке заттарды қымқырып, үй иесіне 70 мың теңге шығын келтірген. 15 қыркүйек күні, сағат 17.00-де «Газовик» саяжай қоғамындағы бір үйдің терезесінен кіріп, құны 100 мың теңгеге бағаланатын жеке мүліктерін ұрлаған. 17 қыркүйекте «Тополек» саяжай қоғамындағы №3А үйіне баспа арқылы көтеріліп, 64 мың теңге тұратын жеке мүліктерді қапқа салып, ізін жасырған. Дәл осы күні «Энергетик» саяжай қоғамындағы Садовая көшесі бойындағы үйдің есігін бұзып, кілт жиынтығы мен «Стелс» маркалы велосипедті ұрлап үлгерген. 5 қыркүйекте, түнгі сағат 23.00 шамасында «Энергетик» саяжай қоғамындағы  Вишневая көшесіндегі үйді бұзып кіріп, жеке заттарды тонаған. Саяжай иесіне 65 мың теңге көлемінде залал келген.

Осылайша, басқарманың техник-криминалисі Гайнеден Гумаров кәсіби шеберлігі нәтижесінде саусақ іздері арқылы  ұрының алты қылмысын әшкереледі.

Қазіргі таңда Орал қ.ПБ тергеу өндірісінде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлімі, 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция старшинасы Гайнеден Гумаров жыл басында бірнеше алтындарды ұрлап, пәтер ұрлығына жол берген күдіктіні де саусақ іздері арқылы дәлелдеп, жарты сағат ішінде дәл айғақтарды жайып салған.

Гүламан ИСМАҒҰЛОВА, Орал қ. ПБ баспасөз қызметкері

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
109 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
114 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
153 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
167 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
552 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
692 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
725 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1000 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1010 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1138 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1436 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1532 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1561 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1768 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2039 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2260 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»