8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2019 2087 0
Қалалықтар қаперіне

САРЫАРҚАНЫҢ ЖОЛЫН САЛУ КЕЛЕР ЖЫЛЫ БАСТАЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Орал қаласы әкімдігінде өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Менеев айтты.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан биылғы жылы 20 нысан бойынша жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Олардың бесеуі 2018 жылдан өтпелі жобалар. Төрт жоба – Қарашығанақ петролиум оперейтинг б.в. қаражаты есебінен, 11 жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуда. Қазіргі уақытта осы 19 жоба бойынша іс жүргізілуде. Ал бір нысан, яғни Сарыарқа шағынауданындағы жол жөндеу жұмысы жобалық-сметалық құжаттамадағы қателіктерге байланысты кешіктіріліп отыр. Жоспар бойынша шағынаудандағы 50 көшеге толығымен асфальт төселуі тиіс. Алайда көктемде жарияланған алғашқы мемлекеттік сатып алу конкурсынан кейін қателіктер анықталып, ауқымды жоба қайта түзетілген. Қазір осы түзетілген жоба сараптамаға жолданды. Демек Сарыарқаға жол салу келер жылдың еншісіне қалдырылып отыр.

Бірнеше жылдан бері Сарытау шағынауданының жолы да тұрғындарды әбігерге салған еді. Жоба бойынша жеті көшеге жол салынуы тиіс. Бұл 7 шақырымды құрайды. Жобаның жалпы құны – 1 млрд. 250 млн. теңге. Сәтін салып, биыл алғашқы 125 млн. теңге бөлініп, шағынауданға жол салу басталды.

– Қосымша қаражат бөлінген жағдайда, келер жылы бұл шағынаудандағы жол құрылысы аяқталады. Жобаға сәйкес аялдамалар да қарастырылған. Жол салынысымен, шағынаудан ішімен қоғамдық көліктер қатынайтын болады, – деді бөлім басшысы Айдар Қазбекұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»