8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Шілде 2019 1488 0
Өзек

«САРЫАРҚАНЫҢ» ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАШАН БАСТАЛАДЫ?

Деркөлдегі «Сарыарқа» шағынауданының тұрғындарын жол жайы алаңдатып отыр. Бұған дейін жол салу биыл жазда басталатыны туралы айтылған еді. Жаз ортасына келіп жетті. Ал құрылыс әлі басталған жоқ.

Шағынауданнан жер телімдері 2011 жылы берілген еді. Қазір мұнда ресми мәлімет бойынша 5 мыңнан тұрғын бар. Елдімекенде коммуналдық мәселелер шешілген. Өткен жылы жаңа мектеп салынып, балғындар қашықтағы мектепке қатынаудан құтылды. Сарыарқалықтар үшін қазір жол жайы өзекті болып отыр. Бұл жөнінде тұрғындар сан мәрте айтып та келеді. Жазда шаңы көтеріліп, ауа райы бұзылса, лайланып, балшыққа айналатын жол тұрғындарды титықтатты.

–  Сәуір айында жиын жасап, жол құрылысын бастайтындарын айтты. Бірақ, жолымыз әлі басталған жоқ. Күні кеше сенбіден дүйсенбіге дейін толассыз жауған нөсер тұрғындарды әбден әбігерге салды. Әсіресе, күз бен көктемдегі жаңбырлы маусым балалардың мектепке жетуіне қиын, – дейді аудан тұрғындарының уәжін жеткізген зейнеткер-ұстаз Е.Құрманғалиев.

Былтыр Сарыарқаның бергі жағындағы «Үміттің» жолы салынып, «Сарыарқаға» дейін жетті. Биыл сол жол әрі қарай жалғастырылып, Сарыарқаның ішкі көшелеріне жол салу басталуы тиіс еді. Жауапты мекемелер де құрылыс жұмыстары маусымда басталатынын мәлім еткен болатын. Десек те маусым өтіп, шілде жеткенімен бірде-бір техника Сарыарқаға келген жоқ. Осы іске жауапты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобаға түзетулер енгізіліп жатқанынын мәлім етті. Түзетулермен жаңартылған жоба сараптамаға жіберілуі керек. Қорытынды берілгеннен кейін мердігерді анықтау үшін байқау жарияланатын болады. «Деркөлдегі ТЖЖ-2-нің кварталішілік жолдары, өтпе жолдар мен ағын суларды су бұру құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы 2018 жылы дайындалды. Жобалаушы – «Smartech» ЖШС. Жоба бойынша шағын аудандағы жалпы ұзындығы 44 шақырым болатын 50 көшеге асфальт төселуі тиіс. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны – 3.2 млрд. теңге.  Жобада кейбір кемшіліктерге байланысты ЖСҚ-ға түзетулер енгізілуде. Ол жуық арада аяқталуы керек. Одан соң байқау негізінде мердігер мекемені анықталып, жобаның бірінші кезеңін іске асыру басталады»  делінген аталмыш бөлім жолдаған хабарламада. Жобаның бірінші кезеңінде қоғамдық көлік жүретін жолдар жөнделеді.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
89 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
128 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
142 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
153 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
229 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
226 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
232 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
318 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
571 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
762 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
892 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
903 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
978 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1380 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1398 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1475 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1562 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1769 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1767 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»