«САРЫАРҚА» мен «АРМАНҒА» БАЛАБАҚША мен ОЙЫН АЛАҢЫ керек
Бүгін Орал қаласында «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының фойесінде БҚО әкімі Алтай Көлгінов, қала әкімі Мұрат Мұқаев және орынбасарлары мен барлық мекеме басшылары, коммуналдық сала өкілдері қабылдау жүргізіп, тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін тыңдады.


«Ашық әкімдікке» келгендердің қарасы көп. Көпшілігі облыс және қала басшысына өтініштерін білдірді. Азаматтардың басым бөлігі жеке жағдайдан гөрі қоғамға ортақ мәселелерді көтеруге тырысты. Мәселен, облыс әкімі Алтай Сейдірұлына жолыққан зейнеткер Светлана Сосновских Еуразия көшесі 55 мекенжайындағы көпқабатты үйдің қабырғасы жарылып жатқанын айтып, көмек сұрап келді. Айтуынша, 9 қабатты үй 1980 жылдардың шамасында салынған.
– Біз тұратын №1 кіреберісте бірнеше жыл бұрын үлкен жырық пайда болды. Ол жертөледен басталып, 9-шы қабатқа дейін жетті. Сырттан қарасаң ұзын жырық, ішкі қабырға үгітілуде. Бұған дейін комиссия келді. Бірақ, апатты деп танылмады. Өйткені техникалық сараптама қорытындысы болмады. Мұны тұрғындар, өзіміз жасатуымыз керек екен. Жобалық-сметалық құжаттамасы тағы бар. Жөндеу жұмыстарын да өзіміз жасауымыз керек. Ол үйде тұратындардың басым бөлігі зейнеткерлер, – дейді Светлана Алексеевна.
Қарияның өтінішін тыңдаған Алтай Сейдірұлы бұл мекенжай бойынша мамандарды жіберіп, жағдайды толық анықтайтынын, сәйкесінше шешім қабылданатынын айтты.
Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаевқа деркөлдіктердің өтінішін жеткізген Айтқали Телібаев бірнеше мәселені алға қойды. Біріншіден, «Сарыарқа» шағынауданына жол қажет. Қардың тазаланбауы да тұрғындарды мазалайды. Тұрғындар өздерінің аулаларын тазалағанымен, қарды шығаратын орын жоқ. Балаларға спорт, ойын алаңы керек. Қоғамдық көліктердің аралық интервалының ұзақтығы және автобус салонының салқындығы да тұрғындардың мазасын қашырып тұр. Шағынауданда бір ғана жеке балабақша бар. Әрі оның төлемі қымбат.

Қала басшысы әр сауалға жекелей тоқталып, толық жауап берді.
– Өткен жылы бұл шағынауданға баратын кіреберіс жолды жөндедік. «Үміт» шағынауданының жолы жасалды. Биылғы жылы облыстық бюджеттен 500 млн. теңге бөлінуде. «ТЖЖ 2»-де 48 көше бар. Ұзындығы – 68 шақырым. Алдымен қоғамдық көлік жүретін күре жолдардың құрылысын толық аяқтауымыз керек. Одан кейін ішкі жолдарды жасауға кірісеміз, – деді Мұрат Рахметұлы. Сондай-ақ қоғамдық көліктердің жай-күйі мен балабақша мәселесіне қатысты тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

«Арман» шағынауданының бір топ тұрғындары ауданға балалар ойын алаңы мен кітапхананың қажеттілігін айтты.
– Мемлекеттік кітапхананың филиалы ашылса дейміз. Қыста коньки теуіп сырғанайтын, жазда доп қуып ойнайтын арнайы алаң болса жөн болар еді. Мүмкіндікке қарай балабақша мәселесін де қарастыруларын сұраймын, – дейді зейнеткер Мағрипа Дүйсеғалиева.
Мұрат Рахметұлы балабақша құрылысы «мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» бағдарламасы аясында ғана салынатынынын, қазіргі уақытта М.Мөңкеұлы көшесі бойында 200 орындық балабақшаның құрылысы басталғанын мәлім етті. Бұл «Арман» шағынауданынан қашық емес. Ал «Арманның» өзінен бөбекжай ашуға ықыласты азаматтар болса, жер телімі қарастырылатын болады.
Сонымен қатар азаматтар баспана, жер кезегі мәселелерімен жолықты. Заң саласы мамандарынан кеңес алғандар, кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы жобаларымен келгендер де болды.

Соңғы жаңалықтар
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу