САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫЗ ЖҰМЫС ЖАСАҒАН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Азаматтардың денсаулығын және қолайлы ортаны қорғауға құқықтарын қамтамасыз ету қоғамдық қауіпсіздік органдарының басты міндеті болып табылады. Сонымен бірге бүгінгі күні субъектілердің өз өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы үшін жауапкершілігі күшейтілді, яғни ҚР «Денсаулық сақтау министрлігі» және ҚР «Ұлттық экономика министрілігінің» 2017 жылғы 27-шілдедегі №463 «Тәуекелдерді бағалау критерийлерін бекіту туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) екі дәрежелі тәуекелге бөлінеді. Олар – жоғары (ерекше тәртіппен тексеріледі) және жоғары дәрежелі тәуекелмен байланысты емес (әдеттегі тексерулерге жатпайды).

Жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысандар қатарына мектепке дейінгі ұйым, білім беру және білім беру объектілері, ұйымдасқан топтардың қоғамдық тамақтандыру объектілері, кондитерлік өнімдер, радиотехника иондық зиянды заттарға арналған мекемелері, сұлулық салондары, тері және қабығын бұзумен негізгі қызмет көрсететін қызметтер, қоғамдық тамақтану объектілері (50 орындық),сүт- ет-балық өндірісі ,азық түлік өнімдерін сақтауға және сатуға арналған, нан пісіруге арналған объектілер, 1 және 2 қауіптілік класстары, фитнес-орталықтар, жүзу бассейндері, 20 немесе одан көп орынға арналған сауналар, лагерьлер, сумен қамтамасыз ету объектілері, бақыланатын және жоспар бойынша тексерілетін объектілер жылына бір немесе екі рет тексеріледі және сәйкестілігі (сәйкес емес) бойынша санитарлық эпидемиологиялық қорытындылар беріледі. Жоғарыда көрсетілмеген объектілер «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 21-бабының 1тармағына сәйкес нысанға санитариялық эпидемиологиялық қорытынды алмай-ақ жұмыс істейді, бірақ сонымен бірге жеке тұлғалар мемлекеттік органға бұл туралы хабарлауға міндетті. Сонымен бірге, қызмет басталғанға дейін жеке заңды тұлғалар объектіні санитарлық эпидемиологиялық салада нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
Дегенмен, жоспардан тыс тексерулер кезінде (шағымдар, жедел хабарламалар) санитарлық эпидемиологиялық қорытынды алмай жұмыс істейтін мекемелердің санитарлық ережелерді бұзуы анықталды. Мәселен, тексеру кезінде анықталғандай төмендегі нысандардың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істегендері белгілі болды:
| 1 | «Жерұйық» тойханасы | Жерұйық көш, 35 |
| 2 | «Девичья башня» кафесі | Щорс көшесі, 39 |
| 3 | «Асату» мейрамханасы | Азербайджанская көшесі, 40 |
| 4 | «Астана» мейрамханасы | Евразия көшесі, 71/1 |
| 5 | «Ару Ана» мейрамханасы | М.Ықсанов көшесі, 46 |
| 6 | «Чайхана» банкет залы | Пугачев көш., 31/1 |
| 7 | Тойхана | Щорс көшесі 1А |
| 8 | «Кездесу» тойханасы | В.Иванов көшесі |
| 9 | «Екі жұлдыз» кафесі | Кұрманғазы көшесі, 179 |
| 10 | «Европа» мейрамханасы | С.Тюленина көшесі 61 |
| 11 | «Қазына» кафесі | Паравдухин көшесі 2-құрылыс |
| 12 | «Nebar» кафесі | Жеңіс шағынауданы, 3 |
| 13 | «Барвиха» ресто-клубы | Әбілқайыр хан даңғылы, 179 |
| 14 | «Beff Assorti Provence» Гриль пабы | Шолохов, көшесі 5 |
| 15 | «Tengri» мейрамханасы | Қ.Мусин көшесі 61/1 |
| 16 | «Gala» банкет залы | Ғ.Құрманғалиев, 25 |
| 17 | «Жеті қазына» банкет залы | Зачаганск, Энтузиастов көшесі, 54/1 |
| 18 | «Жар-Жар» банкет залы | Светлая, көшесі 7а |
| 19 | «Алуа» банкет залы | Ружейникова, көшесі 11/1 |
| 20 | «Anasym» кешені | Самал, көшесі 56а |
| 21 | «Арыстан» кешені | Молодежная, 2-я көшесі 8/4 Деркул |
| 22 | «Kristall Holl» банкет залы | С.Датов, көшесі 55 |
| 23 | «Мадина» банкет залы | Согласия көшесі 21 |
| 24 | «Риза» банкет залы | Единства көшесі 25/1 |
| 25 | «Guest» мейрамханасы | М.Жүнісов көшесі 6 |
| 26 | «Орбита» мейрамханасы | Конкин к-ш, 2/9 |
| 27 | «Хабиева М.М» ЖК Сұлулық салоны | С.Есқалиев, 303 |
| 28 | Сапышев ЖК «Olala» шаштаразы | 6 ш/а үй 3 |
| 29 | «Infinity» Сұлулық салоны | Жеңіс ш/а 21 |
| 30 | «Алғабас» банкет залы | Жәңгір хан көш, 68/2 |
| 31 | «Асем» банкет залы | Желаев, 71/1 |
| 32 | «Европа» мейрамханасы | С.Тюленин көш,61/1 |
| 33 | «Qazaq eli» кафесі | Жәңгір хан көш, 90 |
| 34 | «Беташар» кафесі | Жамбыл көш, 40/4 |
Біздер мәселенің маңыздылығын толық түсінуіміз қажет және ережелер мен нормаларға сәйкес келмеу, эпидемиологиялық асқынуларға әкелуі мүмкін екенін ұмытпауымыз керек. Мысалы, өткен жылдары Орал қаласындағы «Бургер Стрит+» кафесінде тамақтанған 26 адам «Сальмонеллез» диагнозымен сырқаттанған болатын. Бұл бәрімізге сабақ болуы тиіс.
Қалада қоғамдық денсаулық және эпидемиология саласындағы заңнаманың нормативтерін түсіндіру бойынша профилакалық жұмыс жүргізілді. Әр жеке кәсіпкерге парақшалар,түсініктеме хат берілді және семинарлар өткізілді. Жоғары эпидемиологиялық маңызы бар объектілер бойынша қорытынды алу қажеттілігін еске саламын және санитарлық ережелерге сай жұмыс жасауға шақырамын.
Мәдениет ТАНАУОВ, Орал қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу