8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2020 1866 0
Қоғам

САЛТАНАТ АБУЛҒАЗИЕВА: «ТЕАТР – ӨНЕРКӘСІП ЕМЕС, ӨЗ ШЫҒЫНЫН АҚТАМАЙДЫ…»

 Өнердің қайнаған қазанына айналған, Тәуелсіздіктің таңы атқан 1992 жылы  ашылған, бүгінде бірнеше халықаралық, республикалық  театрлар арасындағы байқаулардың жеңімпазы  Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры оралдық көрермендерге түрлі қойылымдар ұсынумен келеді. Кез-келген образға жан бітіріп,  санасы мен нәзік жүрегі арқылы көрерменге жол сілтейтін аталмыш өнер ұжымын 27 наурыз – Халықаралық  театрлар күнімен құттықтап, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры, өнертану магистрі, театртанушы Салтанат Абулғазиевамен сұқбаттасқан едік.   

 

 – Салтанат Мақсотқызы, Хадиша анамыздың атындағы төл театрға тұңғыш рет қадам басып, көшін қолға алдыңыз. Қадамыңызға гүл бітсін. Ал енді Жайықтағы жалғыз қазақ театрының қазіргі хал-күйі қалай?

– Иә, өзім туған өлкеге келіп, қасиетті өнер ордасына жетекшілік ету, көшін алға бастау ісіне бар ынтаммен кірісудемін. Жалпы, театрдың айнасы – репертуар. Қызметке кіріскен бойда репертуар мәселесін жан-жақты қарастыруды басты міндет етіп таңдадым. Жақында ғана көрермен назарына ұсынылған «МЕН» спектакліне арнайы қонақ ретінде шақырылған кәсіби театр сыншысы Бақыт Нұрпейістің қатысуымен кездесу ұйымдастырдық. Сол кезде Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ашылғаннан бастап қойылған репертуарға сараптама жасалып, бізде сахнаға классикалық туындылар жетіспейтіндігі туралы сөз қозғалды. Қазіргі таңда көрсетілген кемшіліктерді жою бағытында жұмыс жасаудамыз. Біздің сахнада Әуезов те, Мүсірепов те, Чехов пен Островский да қойылуы керек. Себебі классика қай заманда да сұранысқа ие, актер классикада ойнау арқылы өседі. Сол жағынан келгенде біздің репертуар дұрыстап жұмыстануды қажет етеді.

Өнер ордасының материалдық-техникалық жағдайына тоқталар болсақ, театр ғимараты тозған, жаңартып-жаңғыртуды қажет етеді. Қолданысқа берілген кезінен бастап күрделі жөндеу жасалмапты. Ал штаттық құрамда 47 актер бар. Қазір саннан гөрі сапаға мән беретін заман. Сол себепті алдағы уақытта кәсіби мамандардан жасақталған аттестация ұйымдастырып, сол арқылы актерлық құрамды сүзгіден өткізбекпіз.

  – Біраз жыл ысылып, біліміңіздің арқасында тәжірибе жинақтаған театртанушысыз. Өнертану магистрісіз. Х.Бөкеева атындағы театрға тың бастамалармен келген боларсыз. Әңгімеңізді тарқатып айтсаңыз.

– Қызметке кіріскен бойда БАҚ өкілдерімен кездесіп, алдағы уақытта жасалатын жұмыстардың бағыт-бағдарын айтып өткенмін. Көп ұзамай «Жусан» қойылымы көрерменге жол тартты. Мен қызметке кіріспес бұрын жоспарға енгізіліп қойған туынды болғандықтан, белгіленген уақытында сахналанды. Десе де, кәсіби маман ретінде Батыс өңірінде ең өзекті тақырыпқа айналған дін мәселесін қаузайтын аталмыш қойылымды әлі біраз шыңдап, драматургиялық бағытта дамыта түсу қажет деген ойдамын…

 

Сұқбаттасқан  Мира  ХАМЗАҚЫЗЫ

Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 11 наурыз күнгі №11 санынан оқи аласыздар.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
206 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
469 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
710 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
742 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
897 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1093 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1330 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1413 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1519 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1531 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1559 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1566 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1669 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1887 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2197 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2083 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2195 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»