8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Желтоқсан 2020 1470 0
Өзек

САЯЖАЙДАҒЫ ҰРЛЫҚ

Орал қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 2020 жылғы 14 желтоқсанда бірнеше рет ұрлықты кәсіп қылған күдіктіні құрықтады. Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасының баспсөз қызметі хабарлады.

1998 жылғы К. есімді, еш жерде жұмыс жасамайтын тұлға түннің қою қараңғылығын пайдаланып, «Рассвет» саяжай қоғамындағы саяжай үйлері есіктерінің құлыптарын бұзып ашқан. Үй ішінде жинаулы тұрған су айдайтын насостарды, бетон ыдыстарды, газ баллон, 50 метрлік кабель, бау-бақшаға қажетті құрал-саймандардың бірін қалдырмай өз үйіне тасыған. Бір түнде екі саяжай үйіне кіріп, үй иелеріне тиесілі заттардың түгін қалдырмастан үптеп кеткен.

Жаз бойы бау-бақшасына керек құрал-саймандарынан, бірнеше электрлі моторларынан айырылған 1975 жылғы қала тұрғыны қалалық басқармаға келіп, ұрлық орын алғаны туралы арыз жазды. Саяжай иесіне 300 мың теңге көлемінде материалдық залал келді.

Полицейлердің жедел әрекеті нәтижесінде  күдікті кезекті ұрлыққа кірісу барысында полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Басқармаға жеткізілген күдікті ұрлық жасап,  заттарды сатып ақша жасамақ ойы болғанын жасырмай айтты.

Бүгінгі күні Орал қаласы Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөліміне сай 2 эпизодты қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық іс тергеу бөлімінің өндірісінде. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»