САЯСИ НАУҚАНҒА – СОНЫ СЕРПІНМЕН
Бүгін «Nur Otan» партиясы Орал қалалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Давлетжанов аға буын өкілдермен кездесіп, ақыл-кеңестерін тыңдап, алдағы саяси науқанға белсенді атсалысуға шақырды.

Жиында сөз алған Орал қалалық қоғамдық штаб мүшесі Біржан Кухаев алдымен «Nur Otan» партиясы атынан ұсынылған кандидат Қ.Тоқаевтың қысқаша өмірбаянымен таныстырды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығмет алдымызда еліміз үшін ең күрделі, ең шешуші науқан күтіп тұрғанын тілге тиек етіп, талай науқанды, сан қилы кезеңді бастан өткерген аға буын өкілдері Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының саясатын толық қолдайтындарын жеткізді. – Елге танымал тұлға ұзақ жылдар бойы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен бірге жұмыс істеді. Мұның өзі Нұрсұлтан Әбішұлының бастап берген саясатын әрі қарай Қасым-Жомарт Кемелұлының нәтижелі жалғастырарына сенімімізді арттырады, – деді Кенжебай Әлжанұлы.
Өз кезегінде ардагер Ольга Исаева аға буын өкілдерін азаматтық міндеттерін абыройлы орындап, 9 маусым күні сайлау учаскелеріне келіп, дұрыс таңдау жасауға үндеді. – Бүгін қаладағы ең белсенді, ең зиялы қауым өкілдері осында жиналып отыр. Сіздердің ой-пікірлеріңіз кейінгілер үшін өте маңызды. Сол себепті партияның атынан Президенттікке ұсынылған кандидат туралы жағымды ақпарат таратып, сайлаушыларды ел ертеңі үшін ойлы қадам жасауға шақырайық, – деді ол.
Еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы сайлаудың нәтижесімен байланысты екенін жеткізген ардагерлер қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымын қолдауға әркез дайын.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ерлан Кошанов: наша задача – вовремя слышать и чувствовать настроения людей
Орал қаласында Даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
Зачаган кентіндегі Науша батыр және Бопай ханым көшелерінде жол жөндеу жұмыстары басталды
Бөрлі аудандық ауруханасын жаңғырту жобасының дайындығы 90%-ға жетті
The World Financial Review: как Казахстан изменил экономическую модель за семь лет президентства Токаева
БҚО-да тазалық ережелерін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Оралда жүргізуші куәлігінен айырылған азамат есірткіге масаң күйде көлік басқарған
Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Ведомствоаралық кеңесте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Кіру
Пікір үстеу