САЯБАҚТАР МЕН ТЫНЫМБАҚТАР ДИРЕКЦИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ
Қазіргі уақытта Орал қаласы аумағындағы саябақтар мен алаңдардың құжаттары дайындалуда және рәсімдеу жүргізілген соң дирекцияға берілмек.
Орал қаласы аумағында 50-ге жуық саябақ пен тынымбақ бар. Саябақтар мен алаңдар дирекциясының директоры Жасұлан Сакенов атап өткендей, мақсат – бір орталыққа біріктіру арқылы басқаруды жеңілдету және қараусыз қалған аумақтарды қайта қалпына келтіру, көгалдандыру.
– Қазақстан Республикасының заңнамалық құжаттарына сәйкес әр қала тұрғыны үшін 10 шаршы метрлік жасыл аумақ есептеледі. Біздің қаламызда 330 мыңдай халық бар, демек саябақтарымыздың да жалпы аумағы 330 мың гектар болуы керек. Қазіргі уақытта дайындалып жатқан 44 саябақ-тынымбақтың жалпы аумағы – 79,5 гектар ғана. Халық тынығып, бой сергітіп, серуендейтін саябақ пен тынымбақтар әр тұрғынға қолжетімді жерде болуы маңызды, – дейді Жасұлан Нұрлыбекұлы.
Жаңа жылдан бастап іс жүзінде жұмыс жасайтын дирекция жаңа штаттар ашып, саябақтар мен тынымбақтардың тазалығына жауапты жұмысшылар, ландшафттық дизайнерлер, эколог, биологтарды жұмысқа қабылдамақ. Осы орайда дирекция тарапынан қалалық жұмыспен қамту орталығына сұраныс жолданған.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу