8 (7112) 50-86-31
Ғұмар Қараш 33/2, 2-қабат Zhaik_yni@mail.ru

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!  Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны басталды!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың І жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

Құрметті оқырман! «Жайық үні – Жизнь города» газетіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына жазылу науқаны жүргізілуде!

 

 

16 Мамыр 2019 512 0
Без рубрики

«САБАҚТАСТЫҚ, ӘДІЛДІК, ӨРЛЕУ» – ХАЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАМА

              Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті. 

Форумды ашқан ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық қоғамдық штаб жетекшісі Серік Сүлеймен Елбасы, партия Төрағасы партияның  Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы бойынша соңғы жылдары партия қызметін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанын атап өтті. – Бірқатар тың жобалар қолға алынып, жаңа бастамалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде бастауыш партия ұйымдарының рөлін күшейту ісі де бар. Бүгінде еліміз бойынша «Нұр Отанның» алты мыңға жуық бастауыш партия ұйымы болса, оның 273-і біздің өңірімізде. Бір миллионнан астам нұротандықтар осы ұйымдарға топтастырылған. Былтыр аталған ұйымдардың жұмысын жандандыру мақсатында партия тарихында алғаш рет еліміздің төрт аймағында арнайы форумдар өткізілді. Онда қатысушылар БПҰ қызметтерін одан әрі жандандыруға бағытталған тұжырымдамаға енгізу үшін өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Ең ірі және белсенді бастауыш партия ұйымдарының мүшелері өткен жылдың қараша айында Астанада өткен республикалық форумға қатысты. Онда тұжырымдама жан-жақты талқыланып, соңғы нұсқасы қабылданды. Бұл тұжырымдаманың қабылдануына сіздердің де үлестеріңіздің бар екендігі айқын.  Партиялық жаңғыру аясындағы басым бағыттарымыздың бірі – бастауыш партия ұйымдарын жандандырып, олардың жұмыс тиімділігін арттыру.  Жалпы біз бастауыш партия ұйымдарының жұмысын қашанда жоғары бағалаймыз. Себебі, бұл ұйымдар халықтың тікелей ортасында жүріп, сайлаушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондықтан Елбасы, партия Төрағасының алдымызға қойған міндеттерін жүзеге асыруда Сіздерге үлкен жауапкершілік жүктелетіні сөзсіз.  Алда біз бен сіздің жұмыла көтерсе жеңіл болатын, бір тудың астына бірігіп, ел тыныштығы үшін маңызды шешім қабылдайтын саяси шара келе жатыр.  Партияластарымыз бен партия жақтастарының бұл маңызды шарада алатын орны да ерекше екені сөзсіз. Сайлаушылардың дұрыс таңдау жасауына да біздер ықпал ете аламыз. Ол үшін жұмыстар басталып кетті. Облыс орталықтарымен бірге ауылдардағы әрбір елді мекеннің тұрғыны жасалып жатқан жұмыстан хабардар болуы аса маңызды. Себебі дұрыс бағытта берілетін ақпарат сайлаушының оң шешім қабылдауына әсер етпей қоймайды, – деген Серік Кенжебекұлы Елбасының саяси және экономикалық тұрақтылық бағытын жалғастыруды ұстанған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақыруды дәл қазірден бастап қолға алу керегін жеткізді.

Облыстық қоғамдық штаб жетекшісінің мәлімдеуінше,  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тұңғыш Президентіміздің бұрыннан бері келе жатқан әріптесі, ұзақ жылдар бойы мемлекеттік аппаратта істеп, мол тәжірибе жинаған. Елбасының таңдаған бағытын жалғастыра алатын білікті саясаткер. Дипломатиялық қызметтің барлық сатысынан өтіп, Біріккен Ұлттар Ұйымында еліміздің өкілі болған тұлға. Қиын экономикалық кезеңде премьер-министр қызметін атқарды. Халықтың өмір сүру сапасы мен қаражат табысын қалайша арттыру керектігін жақсы түсінетін жанашыр адам. Өзінің «Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында кандидатымыз әр қазақстандық азаматқа тең мүмкіндік берілетініне баса назар аударған. Бұл ұстаным қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитыны сөзсіз. Сөз бен іс сәйкестік тапқанда жеңіс болары хақ.

Жиында сөз алған «Юбилейный» бастауыш партия ұйымының төрайымы Венера Токтарова, «Nur Otan» партиясы Тасқала аудандық филиалы Камен бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық мәдениет үйінің директоры Жанар Бисенғалиева, партияның Бәйтерек аудандық филиалы «Щапов» БПҰ төрайымы, Щапов орта мектебінің директоры  Аймекен Бақтығалиева, «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС цехының шебері Виталий Семенов бүгінде Қазақстанның барлық жетістіктері Елбасының Қазақстанды жаңғыртуға арналған стратегиялық бағытымен тығыз байланысты екенін тілге тиек етіп, «NurOtan» атынан қатысатын кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасының сындарлы саясатын жалғастыратынына сенім білдірді.

– Өйткені, Қасым-Жомарт Кемелұлының аты дүниежүзіне мәлім, дипломатиялық қызметтің барлық сатысынан өтіп, Біріккен Ұлттар Ұйымында еліміздің өкілі болған тәжірибелі саясаткер. Қиын экономикалық кезеңде Премьер-министр қызметін атқарған. Халықтың өмір сүру сапасы мен қаражат табысын қалайша арттыру керектігін жақсы түсінетін жанашыр. Қ.Тоқаевтың «Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу» бағдарламасы – халықтық бағдарлама. Оның мәні мен болмысы қазақстандықтардың көкейінде тұрған мәселелерді ашықтап, шешімін ұсынады. Бұл бағдарлама ел азаматтарының сұранысына негізделген, барлық буын өкілдерінің жаңа сапалы өмір сүру деңгейіне жету үшін құралған. Қасым-Жомарт Кемелұлына дауыс берген әр азамат Сабақтастық, Әділдік пен Өрлеуді таңдайды, – деген бастауыш партия ұйымының өкілдері  баршаны 9 маусымда сайлауға келіп, Қазақстанның табысты болашағы үшін «Nur Otan» партиясынан кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

Жергілікті өнерпаздар форум аясында ұлттық рухты көтеретін патриоттық әндер шырқап, партия сүшелерінің дәл осындай сын сағатта «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», жұдырықтай жұмылуға жігерлерін жаныды.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
ӨҢІР БЮДЖЕТІ – 186,2 МЛРД. ТЕҢГЕ
23 Қыркүйек 2019
33 0
Қоғам
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
23 Қыркүйек 2019
39 0
Қоғам
МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
20 Қыркүйек 2019
36 0
Өзек
БІРНЕШЕ МӘРТЕ ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАҒАН
20 Қыркүйек 2019
35 0
Қалалықтар қаперіне
СЕГІЗ ЖЕР ТЕЛІМІНІҢ ЖАЛДАУ ҚҰҚЫҒЫ САТЫЛАДЫ
20 Қыркүйек 2019
49 0
Қоғам
ОРАЛДА ҚАЗТЕСТ СЕМИНАРЫ ӨТТІ
20 Қыркүйек 2019
42 0
Дені сау ұлт
ОНКОЛОГТАР ТЕГІН ҚАБЫЛДАЙДЫ
19 Қыркүйек 2019
59 0
Қоғам
ТАСАДА ЖҮРГЕН ТАЛАНТТАР
18 Қыркүйек 2019
88 0
Қоғам
ҚҰРМЕТ ЫСЫРАППЕН ӨЛШЕНБЕЙДІ
18 Қыркүйек 2019
54 0
Қалалықтар қаперіне
ОРАЛДА ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
18 Қыркүйек 2019
50 0
Қоғам
ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
17 Қыркүйек 2019
114 0
Өзек
5 адам қаза тапты
16 Қыркүйек 2019
65 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»