8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2020 1350 0
Қоғам

САБАҚ БОЛМАЙ ЖАТЫР ДЕП АЙТУ ДҰРЫС ЕМЕС – АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ

Бүгін орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқытуда жасалып жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, білім саласы мамандары атқарып жатқан жұмыстарды жоққа шығармауды сұрады.

Министрді мәліметінше, бүгінде  елімізде 2,6 млн. оқушы қашықтан, 800 мың оқушы дәстүрлі форматта оқып жатыр. Мысалы, кезекші сыныптарда 547 мың оқушы оқуда. Бұл жалпы контингенттің 16 пайызы. Сондай-ақ 250 мың бала оқушы саны 180-ге дейінгі мектептерде  дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл жалпы контингенттің 7,3 пайызы. Жалпы алғанда оқушылардың 24 пайызы мектептердің қабырғасында оқуда. Елімізде 7000 мектеп болса, 3000-ы шалғайдағы ауылдардағы кішігірім мектеп.

– 1-4 сыныптың ата-аналары келісетін болса, біз оқушыларды толығымен оқытуға дайынбыз. Бірақ, өтініш білдіргендер 50 пайызға да жетпейді. Мәселен, 1 сыныптың 55 пайызы, 2 сыныптың  31 пайызы, 3 сыныптың 27 пайызы, 4 сыныптың 24 пайызы мектептегі сабаққа қатысып жатыр. 1-4 сынып оқушыларының жалпы саны 1 млн. 300 мың бала болса, 547 мыңы ғана кезекші сыныптарда оқуға келісімдерін берді. Сондай-ақ балабақшаларға да барлық балалардың келуіне мүмкіндік жасағанымызбен, 30 пайызы ғана келіп жүр,  – деді Асхат Аймағамбетов.

Балаларды қашықтан оқыту үшін 435 мың компьютер уақытша берілген. Тағы да  әкімдіктердің  ықпалымен жақын уақытта 300 мыңнан астам компьютер жеткізіледі. Олар да мұқтаж азаматтарға, балаларға берілетін болады. Министр осы жұмыс әрі қарай жалғасатынын айтты. Бүгінде күн сайын орташа есеппен 2 млн. сабақ жүргізіледі.

– Күн сайын балалар 70-80 млн. рет онлайн сабақтарды білім беру платформаларынан көріп отыр. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Бір жұмада 12 млн. жеке қолданушы интернет платформаларды пайдаланған. Аптасына 6 күн сабақ оқиды десек, күніне 2 миллионға жуық адам аталған платформаларға кіріп, тиісті жұмысын істеп жатқанына көзіміз жетеді. Мысалы, Күнделік платформасына ғана күніне 700 мың баға қойылады. Күніне бір миллион тапсырма беріледі. Мұның бәрі сабақтың жүргізіліп жатқанын және әріптестеріміздің үлкен еңбек атқарып жатқанының белгісі. Бір ғана платформада 1 млн. 730 мың жаттығу мен мультимедиялық сабақ бар.  110 мың интерактивті сабақ бар, екіншісін алсақ 7000 видео сабақ пен 75 мың тапсырма бар. Жасалған жұмыс ауқымды. Осындай дайындалған сабақтармен балалар тиісті біліп алып жатыр. Теледидар арқылы да сабақтар берілуде. 6000-нан астам телесабақ түсірілді. Бұл да қол жетімді тетік екені белгілі. Сондықтан сабақ болмай жатыр деп айту дұрыс емес. 500 мың әріптесіміздің  күн демей, түн демей жасап жатқан жұмысын сызып тастауға болмайды. Әрине, проблемалар бар, оны білеміз. Олар бойынша, күнделікті мектеп басшыларымен, ұстаздармен бірге жұмыстанатын боламыз, – деді Асхат Қанатұлы.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
169 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
366 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
364 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
819 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
888 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
906 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
927 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
948 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1318 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1442 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1473 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1748 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1760 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1888 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2180 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2280 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»