САҚШЫЛАР ҚЫЗ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ
Орал қаласында полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз баланы құтқарды. Оқиға кеше, 12 наурыз күні кешкі уақытта болған.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметкері А.Ғұбашеваның мәліметінше, кешкі сағат 20.30 кезінде «102» пульт операторына белгісіз біреу хабарласып, Деркөл ауылы аумағындағы Шаған өзенінен өтетін көпірден қыз баланың секіріп кеткенін айтқан. Сол сәтте сол аумақта кезекшілікте жүрген Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – полиция лейтенанты Парасат Жолбаев және полиция капитаны Ерлан Қожасов оқиға орнына келіп, айналаны барлап, сол маңайдағы саяжай қоғамының тұрғындарынан қайық сұрастырады. «Суға адам құлап түсті, көмектесу керек» деген сәтте ауыл тұрғынының бірі қайығын берген.
Полицейлер су ортасында денесі су бетінде қалқып тұрған қызға дейін қайықпен жүзіп жетіп, оны көпір астындағы бетон тасқа дейін жеткізеді. Қыздың әлі де тірі екенін білген олар саол жерде алғашқы көмек көрсеткен. Кешікпей құтқарушылар жасағы да, жедел жәрдем де шақырылды. Сақшылар қыз баланы қайыққа салып, жағаға дейін жеткізіп, дәрігерлердің қолына тапсырады.
Қыз бала 1988 жылғы Орал қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі уақытта жағдайы бір қалыпты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу