8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2018 3402 0
Қоғам

СӘУЛЕНІҢ ӘНІН САҒЫНЫПТЫ …

Облыстық қазақ драма театрында ҚР еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаеваның «Ақжайықтың ән Сәулесі» атты шығармашылық кеші өтті.

Қазақтың дархан даласы қандай кең болса, осынау далада дүние есігін ашқан дарабоз дарындылар да жетерлік. Алты алашқа ән оздырған  Мұхит пен  Ғарифолла,  ән мұрасын жалғаған Жақсылық Сәрсенғалиев, Қаламқас Орашева, Қалампыр Рахимовалардың ізін басып, өнерін дәріптеп жүрген, ерекше дауыс иесі, дәстүрлі әннің сандуғашы атанған Сәуле Таудаеваның кешіне барша өнер сүйер қауым жиналды. Сондай-ақ өнерді дәріптеп жүрген  сахна саңлақтары  – Қарағанды қаласынан Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының лауреаты Бақыт Төлеуханова,  Алматы қаласынан Мақсат Тілепберген және Мейрамгүл Орашева, Атырау қаласынан Қайрат Кәкімовтер қатысты.

Шара барысында кеш иесін құттықтаған мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатын табыстаса, ал «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Айдар Батырханов әнші кеудесіне «Еңбек даңқы» төсбелгісін тақты. Ақжайық  ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлбану Дәрібайқызы аудан әкімі атынан құттықтады.

«Ақжайық» би ансамблінің әсем биімен түрілген кеште әнші Сәуле Таудаева Мұхиттың «Көк айдай», Ғарифолла Құрманғалиевтің «Ақжайық», халық әні «Желкілдек», Хаттар Дүйсенәлиевтің «Әнші үні», Қисаның «Сағындым Жайық» әндерін әуелетті.

С.Таудаеваның әншілік қырымен қоса, шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбегін ерекше атап өтуге болады.  «Бұлақ көрсең – көзін аш» демекші, күні бүгінге дейін бойында ұлттық өнерге деген таланты мен талабы бар қаракөздерімізді тәрбиелеп, олардың үлкен сахнаға қанат қағуларына себепкер болып келеді. Қазіргі таңда әншінің тәлімін алып жүрген талантты шәкірттерінің өнері көпшілікке белгілі. Концертте дәстүрлі әншілер шеруінде  Д.Елеуов, А.Мұхаметжанова, З.Қасымова (Астана қаласы), Н.Қабиева, Э.Таудаева (Маңғыстау облысы) Ф.Оразовтар өнер көрсетті.

Батыс, Арқа, Жетісу ән мектебімен қатар,  Сәуле апамыздың репертуары Нартай, Базар жырау, Әбубәкір Кердері, Өмір Көшекбайұлы және Марабай жыраулардың жыр термелерімен де  бай екендігі баршаға аян. Осы орайда жезтаңдай әнші-термеші Базар жыраудың «Домбыраны қолға алып», Майлықожаның «Жақсы бір адам қартайса», Әбубәкір Кердерінің «Құрметсіз өткен өмірден», Өмір Көшекбайұлының «Ал әлеумет құлақ сал», Марабай жыраудың «Сөйле дедің біздерге» атты термелерін орындап,  жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Сонымен қатар Сәуле Жаманқызы халықаралық «Серпер», «Жұбанов көктемі» фестивальдерінің лауреаты Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен де ән айтып, көрерменнің зор ілтипатына бөленді. Сондай-ақ Ғ.Хибашевтың «Әкешім бәйтерегім», М.Балмолда, Г.Нұрасыловалардың «Анамның жаққан ошағы» әндерін шырқаған Сәуле Жаманқызының  қазіргі заман компазиторларының лирикалық-эстрадалық әндерінің де шебер орындаушысы екеніне тағы да көзіміз жетті.

Жыршылық дәстүрдің жұлдызы атанған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қаламқас Орашеваның өнерін жалғап жүрген туған сіңлісі, танымал жыршы ҚР Мәдениет саласының үздігі М.Орашева, ҚР Мәдениет қайраткері, Құрманғазы оркестрінің мүшесі, домбырашы, М.Тілепберген, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері Қ.Кәкімовтер де өнерден шашу төкті.

Әншінің өмірдегі һәм өнердегі үзеңгілес замандастарының бірі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Зияш Аманғалиева,  қасиетті өнерді жанына серік еткен, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, әншінің жары Сағадат Рахметжановтар тамаша өнер көрсетіп, шараның шырайын айшықтай түсті.

Концертте өнер иесінің ұлы Данияр Рахметжанов «Махамбеттің ұраны» авторлық шығармасын орындап, көрерменнің қошеметіне кенелді.

Өз тілшіміз

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
52 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
60 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
468 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
608 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
643 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
919 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
931 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1055 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1356 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1449 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1478 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1686 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1958 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2179 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2227 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»