8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Желтоқсан 2020 804 0
Қоғам

«ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА» ЖАҢА ЕМХАНА АШЫЛДЫ

                  Тұңғыш Президент күні «Құс фабрикасы» ауданынан «БатысАвигип» отбасылық-дәрігерлік емханасы қолданысқа берілді. Аталмыш аудан тұрғындары көптен күткен жаңа әлеуметтік нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Абат Абайұлы қатысты.

– Тәуелсіз Қазақстанның қарқынды даму бағытында қалалар мен ауылдардың өркендеуі ең бірінші кезекте мемлекеттік басты басымдығы. Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік нысанды халық игілігі үшін ашқалы отырмыз. Денсаулық сақтау саласындағы басты бағытымыз қазіргі пандемияға байланысты халқымыздың өмірін сақтау. Сол үшін барлық дәрігерлеріміз, қоғам болып осы індетпен күресудеміз. Әрине, бұл індеттің де қоғамға берге сындарлы сабағы бар. Ең маңыздысы – адам денсаулығы.  Сондықтан денсаулық сақтау нысандарында еңбек етіп жүрген  ақ халаттылардың еңбегі өлшеусіз. Дәрігерлердің еңбегін бағалап, қолдау білдірейік. Санитарлық талаптарды, карантиндік шектеулерді толық сақтауларыңызды сұраймын. 60 мыңға жуық тұрғыны бар Зашаған кенті жыл сайын даму үстінде. Зашаған бау-бақша серіктестігі «Құс фабрикасы» шағын ауданы болып аталып кеткен. Осы ауданның тұрғындарына жылма-жыл әлеуметтік қолдау көрсетіп келеміз. Мұнда сегіз мыңнан аса тұрғын тұрады. Сондықтан бұл аудан тұрғындарының да әлеуметтік сапалық қызмет алуына мүмкіндік жасауымыз керек. Кеше ғана осы ауданға жақын маңнан ашылған №51 орта мектеп оқушыларының басым бөлігі осы ауылдан қатынайтынына қуаныштымын. Міне, бүгін жеке инвестиция есебінен сапалы отбасылық емхана ашылды. «БатысАвигип» ЖШС-ның медицина саласында тәжірибесі мол. Шет аймақта тұратын халыққа қызмет көрсетеміз деп келуі – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл ауданға жол төселуде. Іргеден спорт нысандары салынды. Мұның бәрі өткен жылы бастау алған «Орал қаласы шетсіз аймақ» жобасы аясында жүзеге асырылуда, – деді салтанатты шарада сөз алған қала басшысы Абат Абайұлы.

Өз кезегінде  «Құс фабрикасы» ауданының тұрғыны, ақын-ұстаз Үзілдік Елубаева: – Елбасы алғашқы сындарлы саясатында «Қазақ елінің дамуы үшін білімді, дені сау, мәдениетті ұрпақ керек» деп айтқан болатын. Мінекей сол үш саланың өзі біздің біраз жетістіктерге жеткенімізді дәлелдеді. Ауданымыздан отбасылық дәрігерлік амбулатория ашуға ықпал еткен жандарға  сегіз мың тұрғынның атынан алғыс айтамын. Бұрын тұрғындар жер-жерге бөлініп жүретін. Қазір ауыл ішінен-ақ ауруына шипа табады. Қазірдің өзінде мыңға жуық тұрғын осы орталыққа тіркелді, – дей келіп болашақта ауылға «Мәдениет үйі» салынса деген ұсынысын жеткізді.

«БатысАвигип» компаниясының директоры Ерғали Оразовтың айтуынша, серіктестіктің құрылғанына 15 жыл болған. Қала басшысы Абат Абайұлының айтуымен ашылған 296 шаршы метрлік бұл емханада  сапалы медициналық қызмет көрсетіледі.

– Медицина бизнес емес. Қиын сала. Бірақ халыққа қызмет көрсетуге тиіспіз. Мұнда алғашқы медициналық-санитариялық, оның ішінде жоспарлы және шұғыл тәртіппен дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіледі. Жалпы практикалық дәрігер қабылдап, әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық бақылауға алады. Үйлеріне шақыртумен барады. Жүкті және босанған әйелдерге бақылау жүргізу секілді профилактикалық және клиникалық зертхана қызметтерін көрсетеді. Жалпы компанияда 40 шақты дәрігер жұмыс жасайды. Әзірге балалар дәрігері және отбасылық дәрігер осында күн сайын тұрғындарды қабылдайды. Ал өзге дәрігерлер сұранысқа сай осында жіберіліп тұрады. Күні бүгінде аудандағы сегіз мың халықтың 430-ы тіркелді. Халық жеке компания болғасын тіркелу ақылы деп ойлайды. Ешқандай ақша алынбайды, қызметтің бәрі тегін көрсетіледі. Осыны түсіндірудеміз. Дәріхананың өзі тіркеудегі жандарға қажетті дәрі-дәрмектерді тегін ұсынады,  – дейді осы салада 35 жыл тәжірибесі бар дәрігер Ерғали Қараұлы.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
74 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
245 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
432 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
682 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
760 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
865 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
873 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
894 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
911 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1011 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1234 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1550 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1433 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1542 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1531 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1662 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1708 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1654 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1663 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1768 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»