8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2020 1378 0
Қоғам

С.АБУЛҒАЗИЕВА: «ӘР АДАМ ӨЗІН ІЗДЕГЕНДЕ, ҚАЗАҚ ҚАЗАҚТЫ ІЗДЕГЕНДЕ АБАЙДАН БАСТАУЫ КЕРЕК»

 

 

Абай қазақты әлемге танытқан тұлға. Оған құрметті бір күнмен, бір жылмен шектеу мүмкін емес. Ол – біздің  мақтанышымыз. Абайдың әр қарасөзі, өлеңінде бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер көтерілген. Келешек ұрпаққа Абайды танытуда Абай күнінің бекітілуінің маңызы зор. Себебі Абай арқылы қазақты зерттеуге болады деп ойлаймын. Абайдың шығармашылығына бойлау, Абаймен танысу әр адамның өз менін ашуына, өзінің тұлға болып қалыптасуына, жақсы мен жаманды ажыратуға септігін тигізері анық. Абайдың әр ой түйінін әр қазақ санасына сіңіре білсе, жемқорлық, суицид, азғындық, педофилизм сынды небір келеңсіз оқиғалардан тыйылар едік. Өйткені адам рухани байыған сайын биікке көтеріледі. Сол себепті әр адам өзін іздегенде, қазақ қазақты іздегенде бірінші Абайдан бастауы керек.

Челленджге қатысу кезінде мен «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін оқып, облыстық «Орал өңірі» газетінің редакторы Бауыржан Ғұбайдуллинге және жерлесіміз М.Әуезов театрының актрисасы, «Құрмет» орденінің  иегері Назгүл Қарабалинаға жолдадым. Бүгінгі жас әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары. Әрі олар белгілі тұлғалардың парақшаларына жиі үңілетіні таңсық емес. Сол себепті әлеуметтік желі арқылы Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра беруіміз керек.

Салтанат АБУЛҒАЗИЕВА,

Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»