8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Мамыр 2020 1634 0
Өзек

ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛҒАН ҮЙЛЕРГЕ ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН

Орал қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің мүліктік қылмыстарды ашу тобы 19 эпизодтан тұратын ұрлық фактілерін ашты. «Қаңтар айынан басталып, наурыз айының соңғы күніне  дейін бұл қылмыс жалғасып, жедел-іздестіру іс- шаралары барысында ашылды» дейді КПб жедел уәкілдері. 

Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ құрамындағы 3 жігіт қала ішіндегі құрылысы басталып, салынып жатқан үйлердің бірінші қабатындағы пластик терезелерді ішке қарай итеріп ашып, үй ішіндегі құрылысқа қажетті құралдарды ұрлаған екен. Мысалы, дәнекерлеу аппараты, жар тесетін бұрғылар, жылыту батареялары,  электор қаңылтыр кескіштер, теледидарлар, т.б. Үшеуі қылмыстық ойларын көз байланатын түнде ғана жүзеге асырған.

Топ құрамындағы 1992, 1994, 1999 жылғы үш жігіт Орал қаласының тұрғындары, бұған дейін де түрлі қылмыстық істермен есепке алынған көрінеді.

Бүгінгі күні Орал қ.ПБ тергеу бөлімінің өндірісінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188- бабының 3-бөліміне сай  19 эпизодпен қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілердің жасырып келген айғақ заттары тәркіленді.  Қылмыстарын толықтай мойындап отыр. Заттардың көпшілігі өз иелеріне қайтарылып, жеке мүліктерін таныған қала тұрғындары құрылыс саймандарын алып кетуде.

Бірнеше қала тұрғынын әбігерге  салып, заттарын ұрлаған қылмыстық топ жедел уәкілдердің тыным таппай іздеуі, із кесуі нәтижесінде ашылды.  Алдағы күндері бұл күдіктілердің заң алдында жазасы тағайындалады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
74 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
122 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
161 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»