8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2019 2348 0
Қоғам

РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУГЕ БАСТАЙТЫН ҚҰЖАТ

Әр заманның өз талабы бар. Дін де ата-баба тарихымен сабақтастырылып, дәуірмен үндесе насихатталуы керек. ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының  түп негізі  – осы. «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында өткен өңір имамдарының форумында осы бағдарламалық құжатты жамағатқа насихаттау мәселесі қаралды. Мешіт имамдары, медресе шәкірттері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері жиналған форумға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

Әр екі жыл сайын ұйымдастырылып жүрген республикалық имамдар форумында сол кезеңдегі күрделі сұрақтарға жауап беретін құжаттар қабылданып келеді. Мәселен, 2015 жылы өткен алғашқы имамдар форумында ақида мен фиқһ ілімі айқындалып, көркем мінез сипаттарын насихаттауға арналған құжат қабылданды. Екінші форумда имамға қойылатын негізгі талаптар айқындалса, биылғы форум имандылықтан бастау алатын рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталып отыр. Облыс имамдарының басқосуына арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім басшысы Нұрбек Есмағамбет «Жеті рухани қазықтың» қоғамдағы ішкі тұрақтылықты сақтау, имани құндылықтарды дамытудағы мазмұнына тоқталды.

– Рухани қазықтың ең басты құндылығы – имандылық. Өкінішке орай, имансыздықтың салдарынан қоғамда педофильдер көбейді, бауырлардың бір-біріне қиянат жасап отырғанын да көріп отырмыз.  Алла елшісі «Кім Аллаға және қиямет күні иман етсе, көршісіне жақсылық жасасын, қонағын құрметтесін, жақсы сөз сөйлесін» деген. Яғни, қазақы болмысымызда қалыптасқан алыстағы ағайыннан көршіні жақын тарту, меймандарға қонақжайлық көрсету де имандылықтың негізі екенін көруге болады. Өкінішке орай, кейінгі кезде жақсы сөз сөйлейтіндер азайды, керісінше алаңдарға шығып, түрлі пікір айтып, ел ішінде дүрбелең туғызатындар көбейді. Ал иманды адам мұндай іске бармайды. Сондықтан жамағаттың арасында имандылықты кеңінен насихаттау керек, – деді Нұрбек Әуесханұлы.

ҚМДБ өкілі тұғырнамада айқындалған отаншылдық, білімділік, ауызбіршілік, еңбекқорлық, әділдік, мәдениеттілік құндылықтарының маңыздылығына толығырақ тоқталып, бұл амалдарды насихаттаудың қажеттілігін атап өтті.

Басқарма бекіткен екінші құжат – діни лауазымдар мен міндеттемелері. Ал үшінші құжат –діни қызметкерлер атқаратын рәсімдер тізімі. Бұл тізімге имам-молдалар, діни ұстаздар атқаратын 45 қызмет түрі енгізілген.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұловтың ұсынған дерегінше, өңірде 78 имам қызмет етеді. 30 имам дін мәселесі бойынша ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері саналады. Елдің тұрақтылығы мен, халықтың бірлігін сақтауда, қоғамның дәстүрлі емес бағытқа бет алуының алдын алуда имамдардың еңбектері орасан. Облыстағы 46 мешіттің алтауында имам жоқ. Бұл имамдарға жалақының тұрақты төленбеуіне байланысты болып отыр. Дегенмен, басқарма басшысы ауылдық жерлердегі имамдардың жағдайын әлеуметтік қорлар арқылы реттеу көзделіп отырғанын айтты.  Діни оқу орындарында оқып жатқан жастардың көбеюі де болашақта дін қызметкерлерінің қатарын толықтыруға кепіл болмақ.

– 4-5 жыл бұрын дін саласында оқитын түлектеріміз аз еді. Алматыда орналасқан Нұр-Мүбәрәк Египет-Ислам университетінде облысымыздан 4-5 шәкірт қана болды. Жергілікті әкімдіктің және облыс имамдарының бірлескен жұмысы арқылы батыстың шәкірттерін 50-ге жеткіздік. Одан бөлек қаламыздағы медреседе – 32, Қазақстанның өзге өңірлеріндегі медреселерде 60-қа жуық шәкірт тәлім алуда. 15 жас Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жолдамасымен шет елдерде білімдерін жетілдіруде,  – дейді Мақсат Аралбайұлы.

Дін шырақшыларының жиынына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы Елбасының мақаласы негізінде қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен үндес екенін атады.

– Елбасымыз, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы екі жарым жыл бұрын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Бағдарламалық мақалада аталған маңызды мақсаттар мен принциптердің діни басқарма қабылдаған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасымен ұштасып отырғанын байқауға болады. Тұғырнамадағы білімге деген құштарлық, еңбекқорлық, адамгершілік қазықтары бағдарламалық мақалада аталған сананың ашықтығы, білімнің салтанат құруы, бәсекеге қабілетті болу принциптерімен сәйкес келеді. Имамдар рухани жаңғыру жолындағы ұлағатты ұстаздар. Осы ретте бүгінгі күні жергілікті атқарушы орган тарапынан имамдардың мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде, – деген Бақытжан Нарымбетов рухани құндылықтарды дәріптеу жолында әкімшілік имамдармен бірлесе жұмыс атқаруға дайын екенін және рухани қазық тұғырнамасын насихаттауға қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері де атсалысатынын жеткізді.

Облыс аумағында 9 конфессияны құрайтын 78 діни бірлестік бар. Басым көбі – ҚМДБ филиалдары. Дәлірек айтқанда, облыста 46 мешіт жұмыс жасайды. Үшеуі қалада. Дегенмен, жиынға қатысқан ардагерлер 350 мыңдай тұрғыны бар облыс орталығына бұл өте аз екенін айтып қалды. Ал жергілікті әкімдік мешіт салу үшін жер бөлуге дайын. Бірақ, Алла үйін салуға ниет танытар кәсіпкер болмай тұр. Сондықтан жергілікті жамағат ҚМДБ тарапынан көмек сұрайды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
322 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
569 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
602 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
757 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
951 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1189 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1270 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1380 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1385 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1415 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1423 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1528 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1744 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2058 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1942 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2054 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
2040 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»