8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2019 1179 0
Өзек

ӨРТТЕН АЛТЫ АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 айында тұрғын үй секторында 300-ден астам өрт орын алып, салдарынан ын, 6 адам қаза болған.

Өрттің себептері іс жүзінде әрқашан бірдей – тозған коммуникациялар, жарамсыз электр сымдары, шылым шегу және қосулы электраспаптарын қараусыз қалдыру. Тұрғын үйлердің көпшілігі пешпен жылытылады. Статистикалық мәліметтер бойынша, әрбір тұрғын үй мен аула құрылыстарындағы оныншы өрт пештер мен түтін мұржаларының ақаулығынан, олардың дұрыс орнатылмауынан немесе дұрыс пайдаланбаудан болады.

Төтеншеліктер өрттің көбейіп, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануының артуына байланысты халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға ерекше көңіл бөледі. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі сенбілігі өткізіліп, тұрғын үй иелеріне өртке қарсы тақырыптағы жаднамалар, буклеттер мен нұсқаулықтар табыс етілуде. Жыл басынан бері департамент қызметкерлері 13 мыңға жуық ауланы аралап, қырық мың адамға түсіндіру жүргізді. Сонымен қатар жиналыс, халықпен кездесу, жиындар мен нұсқаулықтар өткізілген.

Өрт болмас үшін әр адам өз үйінде ерекше көңіл аударып, жол бермеуі тиіс мәселелер бар.  Атап айтқанда, отты ұқыпсыз пайдалану, құрылыстар маңында және желді ауа райында от жағуға болмайды. Қосылған электр және газ құралдарын қараусыз қалдырмау керек. Төсекте, лоджияларда және балкондарда темекі шегу де оттың тууына себеп болуы ықтимал. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Олардың сіріңкемен ойнауына және электр және газ құралдарын пайдалануына рұқсат бермеген дұрыс. Бірнеше қуатты электр тұрмыстық аспаптарды бір розеткаға қосу жолымен электр желілерін шамадан тыс жүктеу, зауытта дайындалмаған электр сақтандырғыштарды, қолдан жасалған абажурларды (шырағданның қалпақтарын), жарықтандыру электр шамдарын және қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды қолдану,  жертөлелерде және шатырларда жанғыш сұйықтықтар мен материалдарды, түрлі тұрмыстық қоқыстарды, жиһаздарды, қағаз  және т. б. сақтау қауіпті.

Естеріңізге сала кетейік, шұғыл қызметтерді шақырудың бірыңғай телефоны – «101» немесе «112». Қоңыраулар кез келген ұялы байланыс операторларының телефондарынан, сондай-ақ үй телефондарынан жүзеге асырылады. Әрбір қоңырау тәуліктің кез келген уақытында тегін қабылданады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
144 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
174 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
187 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
197 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
273 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
269 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
276 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
361 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
613 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
805 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
936 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
946 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
1021 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1423 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1441 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1518 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1605 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1812 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1810 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»