8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2019 2369 0
Спорт

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ХОККЕЙ ЖАРЫСЫНДА

  

 

Батыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметінің командасында жақсы дәстүрлер бар. Солардың бірі – спорттық ойындардың ұйымдастырылуы. Жыл сайын өрт сөндірушілер түрлі спорт түрлерінен спорттық жарыстарға қатысу арқылы өз күштері мен қабілеттерін шыңдап келеді. Спорттық ойындардың тізіміне жеңіл және ауыр атлетика түрлері, командалық ойындар, өрт сөндіру-құтқару спортының түрлері кіреді.

Өрт сөндірушілер үнемі әдеттен тыс дене тәрбиесі және өздері үшін үнемі жұмыс жасауды көздейді және барлық жарыстарға белсенді қатысады.

Бұл айтқанымыздың айқын үлгісі ағымдағы жылдың 14-17 қаңтар аралығында №4 өрт сөндіру бөлімінде өткен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен бөлімшелері арасында ұйымдастырылған допты хоккей бойынша турнир. Жарысқа 10 команда қатысты.

Күннің аяздығы да спортшылардың жарысына кедергі бола алмады. Тартысты нағыз хоккей жарысын қыздыра түсті.  Спорттық жарыс барлық қатысушылармен қатар мұз жарысының көрермендерін де қызықтырды. Жанкүйерлер ойыншыларға кеңестер беріп,  қолдау көрсетті.

Тартысты ойын мен командалық рух көрсеткен келесі командалар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда бірінші орынды – басқару аппараты, екінші орынды №4 өрт бөлімшесі, үшінші орынды №3 Өрт сөндіру бөлімі алды.

Арайлым Ғани, Батыс Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-

құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»