8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2021 1824 0
Қоғам

ҚҰРМЕТТІ ЗЕЙНЕТ ДЕМАЛЫСЫНА ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиевтің зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты өзі  15 жыл қызмет еткен Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы құрметпен шығарып салды. Өмірін өнерге арнаған майталманның құрметіне «Өнермен өрнектелген өмір» атты кеш ұйымдастырылды. Өнер кешінде Қатимолла Бердіғалиевтің өнердегі, өмірдегі достары өткеннен сыр шертіп, шәкірттері ұстазын ұлықтады.

Кең диапазонды әнші, жыршы-термеші, суырып салма ақын Қатимолла  Жәңгірұлына Алаш жұртының, батысқазақстандықтардың құрметі ерекше. Дәстүрлі және классикалық ән өнерінің ерекшелігін үндестіре меңгерген табиғи талант иесі  бірнеше дүркін бүкілодақтық, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атанып, Ресей, Монғол, Қырғыз, Өзбекстан елдерінде өнерімен танылып ел ықыласына бөленді.

Қайраткердің өнегелі өмір жолындағы естеліктермен өрілген кешті Қатимолла ақынның өзі бала кезі мен өнерге келуі туралы әңгімеден бастады.

– Тағдыр мені сәби кезімнен айналдырды, әкем дүниеден ерте өтті. Атам мен әжемнің қолында тәрбиелендім. Мектепте жаман оқымадым. 9 сыныптан кейін құжаттарымды алып, музыкалық училещеге келдім. Оқуды бітірген соң, осы филармонияға қызметке бөлінген едім. Бірақ, отбасылық жағдайыммен еңбек жолымды ауылда бастадым, – дейді Қатимолла  Жәңгірұлы.

Өзі білім алған А.Оразбаева атындағы мектепте 1975 жылы мұғалім ретінде еңбек жолын  бастап, балалар бақшасының музыка жетекшісі, аудандық мәдениет үйінің әдіскері, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1991 жылы Орал қаласына Құрманғазы атындағы саз колледжіне ұстаздық қызметке шақырылады. Сол жылы-ақ оқу орнында алғаш Мұхит класын ашып, дәріс берді. Өзінің айтуынша, 30-дан астам шәкірт тәрбиелеген. Мақтанышы – облыстық, республикалық байқаулардың лауреаттары атанған сол шәкірттері. «Шәкірттерім жүлдесіз емес және жұмыссыз емес» дейді  ұстаз. Бір қатары 2007 жылдан бастап өзі қызмет етіп келе жатқан Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда өзімен қанаттас еңбек етіп жүр.

– Еңбегі еленіп, құрметті демалысқа шығып жатқан Қатимола Бердіғалиев еліміздің мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлесін қосты. Дәстүрлі өнер класын ашып, бірнеше шәкіртті  тәрбиеледі. Солардың бірі – өзім. Еткен еңбегінің зейнетін көруін тілеймін ұстазыма. Құрметті демалысы немерелерінің  қасында әдемі жалғасуын, жапырағы жайылған мәуелі бәйтеректің ғұмырын тілейміз. Қатимолла Жәңгірұлының шәкірті  болғанымды, бірге еңбек еткенімді мақтан етемін, – дейді Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның директоры Асхат Қажығалиев.

Кеш барысында шәкірттері – «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі Қайрат Какимов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Күләш Қуанышқалиева, Айбар Хайырхановтар әсем әндерін жолдады.

Облыстық мәдениет басқармасы басшысы С.Дүйсентегінің алғыс хаты, филармония ұжымы атынан естілік сый табыс етілді. Ал кеш иесі Қатимолла Жәңгірұлы ұжымдастарына алғысын жеткізіп, шараны тамылжыта салған әнімен қорытындылады.

Айта кетейік, кібісе жылында дүниеге келген Қатимолла Бердіғалиев келер жылы 70-ке толмақ. Қайраткер бұл жасқа азаматтық тұл­ға­сына қылаудай кір шалдырмай абырой биігімен келді. Репертуарына жинаған қазақтың үш жүзден астам халық әнін, Бұхар, Базар, Қашаған жыраулардың терме жырларын, Мұхиттың, Ғарифолланың, халық композиторларының әндерін тыңдарманының жүрегіне жеткізуімен халықтың құрмет-қошеметіне бөленді. Қазақ радиосының алтын қорында Қ.Бердіғалиевтің өнері туралы хабар және «Ел продюсерлік орталығында» жазылған 83 әні сақталған. Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен Мәдениет Министрлігі шығарған «1000 ән» дискісінде Қатимолла Жәңгірұлы  орындаған 10 ән енгізілген.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
145 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
476 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
570 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
814 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1080 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1307 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1346 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1496 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1695 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1922 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2009 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2121 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2125 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2161 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2159 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2266 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»