ҰРЛАНҒАН ВЕЛОСИПЕДТЕР ТАБЫЛДЫ
17 мамыр, жексенбіде Орал қ.ПБ КПб жедел уәкілдері велосипед ұрлауды күнделікті қызметіне бір күнде бір велосипед ұрламаса дамыл таппайтын әккі күдіктіні ұстады. Бұл туралы Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

12 мамырда 1989 жылғы, В. есімді Орал қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, 55 мыңға сатып алған велосипедінің ұрланғанын хабарлаған. Жәбірленуші Циолковский көшесіндегі бір үйдің 3 -подьезіне бес минутқа ғана велосипедін қалдырып, үйінен кері шыққанша ұрланғанын баяндаған. Осы мекенжайға барған жедел уәкілдер аяқ киім мен велосипед дөңгелегінің ізін анықтап, із кесіп, жеңіл олжаға белшеден батпақ болған күдіктіні ұстады. Көк түсті рамалы, «Старт Макс» маркалы велосипед күдіктіден тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
Полиция қызметкерлерінің қолына түскен Орал қаласының тұрғыны, 1993 жылғы, бұған дейін өзге ұрлық фактілері үшін жауапты болған, Ф. есімді күдікті 2 велосипед ұрлағанын, ойланбастан жасаған ерсі әрекеттеріне өкінетінін айтқан.
16 мамырда, түнгі сағат 01.30-да Солтүстік-Шығыс ауданындағы бір үйдің 3-подьезінің 1- қабатынан «Форвард» маркалы, қара-қызыл рамасы бар, көп жылдамдықты, спорттық, ересектерге арналған велосипедті ұрлап кеткен. Велосипедінің ұрланып, тауып беруін өтінген 1985 жылғы, Н. есімді азаматша жедел уәкілдерге заводтан басылған серия нөмірін, велосипедтің құжаттарын көрсетіп, тапсырған. Жеке мүлік иесіне 95 мың теңге материалдық залал келді. Қымбатқа бағаланатын бұл велосипедті де КПб жедел уәкілдері ілезде ашты. Тәртіп сақшылары екі велосипедті тауып, күдіктіні ұстады.
Бүгінгі күні Орал қ.ПБ тергеу бөлімі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу