РЕСМИ ТАКСИ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖҮГІН!
Төтенше жағдай кезінде қаладағы такси тасымалы қызметі мен қоғамдық көліктердің жұмысына қойылатын қосымша шектеу шаралары туралы бүгін кешкісін өңірлік коммуникациялар қызметінің Aqjaiyq телеарнасындағы баспасөз орталығында құзырлы сала басшылары мәлімдеді.
Тікелей эфирде Орал қаласы әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285-ші Қазақстан Республикасында Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына және БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы қаулылары негізінде және ҚР Автомобиль көлігі туралы Заңына сәйкес, халықты карантин уақытында тек қана ресми тіркелген таксомоторлық компаниялардың қызметін пайдалануға шақырды. Қалада қазір мұндай таксилер қатарында «Азия», «Империя», «Каспий Транзит» және «Ардагер-ОКСВА» секілді төрт такси мекемесі ғана бар. Олар барлық қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Такси тасымалдаушыларға қойылатын талаптарға толықтай сай келеді. Қазіргі жағдайда жүргізушілерде жеке қорғану құралдары, маска, қолғап болуы тиіс және үш адамнан артық алуға рұқсат етілмейді. Автокөлік салонында дезинфекция құралдары жеткілікті болуы керек. Салонды екі сағат сайын желдету маңызды.
Сондай-ақ БҚО бас санитарының қаулысына сай, енді қоғамдық көлік кестесі өзгереді. Қоғамдық көліктер санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат таңғы 6.00-ден 19.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Көліктер антисептикалық заттармен қамтамасыз етіліп, жолаушыларды толтыруы 40 пайыздан аспауы тиіс. Қоғамдық көлікке жеке қорғану құралдарымен кіруге ғана рұқсат етіледі. Шектеулерді енгізу негізінде адамдардың азаюына байланысты барлық қалаішілік автобустар саны қысқартылады. Қозғалыс жиілігі 15-30 минутты құрайды.Қала маңындағы маршруттардың жұмысы карантин уақытында тоқтатылады.
Өз кезегінде БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Менеев облысішілік 23 маршрут, екі облысаралық автобус қызметін тоқтатқанын мәлім етті. Бүгіннен бастап автобекет жұмысын тоқтатады. Пойыздар да жүрмейді.
Ал БҚО көлікті бақылау инспекциясының автомобиль көлігін бақылау бөлімінің басшысы Серік Үбішевтің сөзіне сүйенсек, бүгінде жылжымалы көлік бақылау бекеттері тәулік бойы жұмыс атқаруда. Көліктер толықтай тексерілуде, ешқандай жеңілдік жоқ. Осы орайда сала басшысы тұрғындардан ресми түрде тіркелген автокөліктер қызметіне жүгінуді сұрады. Себебі, вирустың таралуына жол берген осы тасымалдаушылар. Сондықтан талапқа сай таксилерді пайдаланған жөн.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу