РЕСЕЙЛІК ҚАЗАҚТАР АНА ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ КЕЛДІ
«Аltyn kópir» халықаралық фестивалі аясында Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының жас өкілдері Ақжайық өңірінде бес күндік қазақ тілін оқыту курстарынан өтуде. Самара, Саратов, Орынбор, Астрахань облыстары мен Уфа қаласынан келген 30 жас «Еуразия» туристік-сауықтыру лагеріне орналасқан.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен 2 қыркүйектен басталған фестивальдің мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтауға, рухани және тарихи-мәдени мұраны нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру арқылы БҚО-ға шекаралас орналасқан Ресей Федерациясы облыстарындағы қазақ диаспорасының жас өкілдерімен тығыз мәдени-әлеуметтік байланыстарды орнату. Сондай-ақ Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету. Бүгін фестивальдің ашылу салтанатында Ресейден келген қандастарымызға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов алғы сөзін арнап, фестивальдің маңыздылығын атап өтті.
– Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев қиырда қалған қазақтарды ұмыт қалдырған жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен оларды туған жерге тарту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. «Аltyn kópir» фестивалі де сол игі жұмыстардың жалғасы. Тарихи және географиялық жағынан Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес облысымен шектеседі. Сол өңірлердегі қандас бауырларымызбен әрдайым байланыстамыз. Қазақстандағы «Жастар жылы» аясындағы аталмыш фестивальдің маңызы зор. Ең басты мақсатымыз – шетте жүрген қазақтардың ана тілін, салт-дәстүрін ұмытпауына ықпал ету, – дейді Бақытжан Хаберұлы.
Статистикалық мәліметтер бойынша Ресейдегі қазақтардың саны – 1 млн. шамасында. Олардың дені Орынбор мен Астрахань облыстарында тұрады екен. Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті, Орынбор аймақтық ұлттық мәдени автономиясының мүшесі Біржан Жүсіпов көпшілік алдында сөз алып, ресейлік қазақтардың ана тілін үйренуіне қолдау көрсеткен облыс әкімшілігіне, аталмыш фестивальді ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
– Біздің арамызды жүздеген шақырым бөліп тұрғанымен, тарихи отанымыз, ата-бабамыз бен ұлттық салт-дәстүрімізді ешқашан ұмытпаймыз. Шындығында қазақтың әдет-ғұрпының ұлағаты мол әрі сан қырлы. Біз осы бес күн ішінде алған ілімімізді отандастарымызға жеткіземіз. Ана тілімізді үйренуімізге мүмкіндік жасағандарыңыз үшін үлкен рахмет, – деді Біржан.
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасының ұзақ жылдық тарихы бар әрі бүгінгі күні даму жолында. Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-сессиясында Елбасы шет елдермен іскерлік байланыс жолында Ассамблеяны қолдануды атап өткен болатын. Ресейдің бес облысымен шектесетін біздің өңірдің бұл ретте рөлі орасан. Шара барысында «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының міндетін атқарушы Жамал Ихсанова қос елдің ынтымағын бекітуге бағытталған жобаларға тоқталды.
Айтып өту керек, жылма-жыл бұл фестиваль өңірдегі тіл мамандарының Ресейге баруы арқылы өткізіліп жүрсе, биыл қазақ тілін үйрнуге ниетті жастар алғаш рет Оралға шақырылды. Олар қазақ тілін үйрену курсы бойынша сабақ алуда. Сонымен қатар өңіріміздегі тарихи-мәдени нысандарға саяхаттарға шығып, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жасау бойынша шеберлік сабақтары, спорттық-сауықтыру шаралары ұйымдастырылуда. Фестиваль 7 қыркүйекте қорытындыланады.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу