8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2020 1336 0
Қоғам

РАНТ МҮШЕСІ БӨРЛІ АУДАНЫНДА

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі, Түркиядағы «Сельчук» университетінің түлегі Ғазиз Ахмет Бөрлі ауданына арнайы сапармен келді.


РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет алдымен аудан әкімі М.Сатқановтың қабылдауында болды. Кездесу барысында өңірдегі діни ахуалдың барысы туралы пікірлесіп, сала бойынша қолға алынған жұмыстар мен діни мәселелерді талқылады.
РАНТ мүшесінің өңірге сапары Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінде өз жалғасын тауып, ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының бастамасымен «Көшпелі керуен» акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан бітқатар шаралармен танысты.
Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Қ.Жакеновтың айтуынша: «аудандық мешіт және «Берекелі жамағат» тобының ұйытқы болуымен қайырымдылық керуенін ұйымдастыруға 150 000 теңге қаражат жұмсалды. Акция аясында ауданда әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік қоржындары табысталды. Алдағы уақытта қайырымдылық керуені өз жалғасын табады» – дейді.
22 қазан күні Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің асханасында «Қазіргі уақыттағы мұсылманның бейнесі» тақырыбында санитарлық талаптар сақтала отырып, мәртебелі мейманмен кездесу ұйымдастырылмақшы.

Бөрлі аудандық мұсылмандар мешітінің баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»