Райхан ЕЛАМАНОВА, Ақжайық ауданы, Кеңсуат негізгі орта мектебінің жоғары санатты ұстазы: «ЕКПЕ АЛУДАН ҚАШПАҢЫЗ!»
– Вакциналау – індеттің алдын алудың басты шарасы. Сол себепті оны қолданудың пайдасы ықтимал қауіптерден едәуір асып түседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде КВИ-мен күрестегі жалғыз сенімді шешім вакцина екенін айтты. Бұл локдаундардан шығу стратегиясын алдын ала ойластырған елдердің мысалымен дәлелденді. Қазіргі уақытта халықты вакциналау коронавирус инфекциясымен күрестегі маңызды кезең болып саналады. Індеттің алдын алудың жалғыз, жеңіл, қолжетімді жолы – вакциналау. Мен маусымның жетісі күні «Спутник» екпесінің алғашқы дозасын алдым. Шілденің 23-і күні екінші кезеңін екті. Ешқандай ауырсыну байқалмады. Вакцина бөліп шығаратын антиденелер қауіпті вируспен бетпе-бет кездескенде аурудың жеңіл өтуіне ықпал ететінін нақты сезіндім. Қазір ғылымның жілігін шағып, майын ішкен атақты ғалымдардың өзі коронавирус індетінің қашанға дейін созылатынын білмей отыр. Ал нақты жауап жоқ жерде, дүдәмал ойлар көп. Сондықтан қауіптің алдын алуда екпе алған тиімді. Өзім ұстаз болғандықтан алдымдағы шәкірттерімнің денсаулығы мен үшін маңызды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу