8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қыркүйек 2021 1097 0
Қоғам

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ХАЛЫҚҚА АРНАҒАН ЖОЛДАУЫН ҚАЛА АКТИВІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын Орал қаласы активі талқылады. Жиында қатысушылар  жылдың басты құжатында айтылған мақсат-міндеттердің маңыздылығын атады.

Қала басшысы Абат Шыныбеков Президент Жолдауында көзделген 5  бастама мен 7 бағытты жүзеге асыруда Орал қаласында атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму – Жолдаудағы бірінші бағыт. Дүние жүзін жайлаған індет қай салаға болмасын өз әсерін тигізді. Алайда, еліміз өз даму тарихында талай қиындықтарды бастан кешіріп, Тәуелсіз ел жағдайында шыңдалып, жаңа жағдайларға бейімделіп, барлығын еңсеріп келеді. Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану арқасында тұрғындарымыз әлеуметтік жағдайларын жақсартты. Жыл басынан бері жаңа бизнес-идеяларды іске асыруда 174 оралдық азамат мемлекеттік грантқа ие болды. «Еңбек «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 адам несие алды.

– Инвестициялық жобаларды іске асыру – бұл жаңа жұмыс орындарын құрудың драйвері. Биыл Оралда жалпы құны 17,4 миллиард теңге болатын 42 жоба жүзеге асырылуда. Бұл 924 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде жиһаз фабрикасының құрылысы, сүт зауытының құрылысы, ат спорты кешенінің құрылысы, панельді радиаторлар өндірісі, жылыжай кешенінің құрылысы, медициналық орталық, пластмасса қалдықтарын қайта өңдеу желісі, тауарларға арналған пластмасса қаптамалар өндірісі, демалыс базасы сияқты жобалар бар, – деп атап өтті  шаһар басшысы.

Сонымен қатар тұрғындарды баспанамен қамту, қала жолдарын салу мен аулаларды абаттандыру жұмыстарына тоқталды. Денсаулық сақтау жүйесінің  тиімділігін арттыру, сапалы білім берудегі басты мәселелер көтеріліп, бұл ретте жасалып жатқан жұмыстар, өңірлік саясатты жетілдіру мен тұрғындарды әлеуметтік қолдаудағы міндеттер, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтаудағы қоғамның жауапкершілігі туралы айтылды.

Өңірдегі «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-ның директоры Дәурен Тұрлыбеков Мемлекет басшысының экономиканы дамыту үшін алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында шетелдік мамандарды тартылып отырғанын атап өтті. Компанияның басты бәсекелестері сыртқы орта. Бүгінде 95 пайыз өнім экспортқа жіберіледі. Пандемия кезеңіндегі қиындықтарға қарамастан, компанияның экономикалық өсімі 30 пайызды көрсетті. Бұл – бірінші кезектегі ұжымның ұйымшылдығы және өткен жылдардан жинақталған тәжірибенің нәтижесі. Президент сонымен қатар жұмыс істейтін өнеркәсіптің экономикадағы үлесі және оларды қолдау туралы айтқан болатын. Дәурен Тұрлыбеков  осы ретте кәсіпорын мемлекеттің қолдауын толық сезініп отырғанын және ұлттық мақсатқа қол жеткізуде жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін жеткізді, №1 қалалық емхана басшысы Светлана Ермекқалиева денсаулық сақтау жүйесін нығайту, профилактикалық шаралардың жүргізілуіне тоқталды. Індетпен күресте коронавирусқа қарсы екпе алудың маңыздылығын атап, әлі де болса екпеге қарсылық тантушылардың бар екенін және олар айналасындағыларға кері ықпал етіп отырғанын жеткізді.  Қаладағы №33 орта мектептің директоры  Үміт Ерғалиева Президенттің білім беру сапасын көтеру, осы мақсатта білімді оқушыларды ынталандыруда сыйақы тағайындау, жеңімпаз дайындаған мұғалімге жасалатын материалдық қолдауға байланысты ойларын қуаттап, мұндай қолдау жауапкершілікті еселей түсетінін де атады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Анжела Горбунова халықтың әл-ауқатын көтерудегі бастамаларға, соның ішінде ең төменгі жалақының көбейтілуі – жұмыспен қамтудың белсенді шараларына оң ықпал етерін, азаматтардың ахуалын жақсартарын жеткізді. Ал қалалық мәслихат депутаты Мирболат Ерсаев Жолдаудағы басты мәселелерді тізбектей келе, соған байланысты шаһар тұрғындарымен тікелей қарым-қатынас жасау, олардың мәселелерін шұғыл шешудегі әкімдіктердің жұмысын бағалауда  тәуелсіз сараптама  жүргізу, қаланың даму жоспарын құруда урбанистердің ұсыныс-пікірлерін ескеру, инфрақұрылымдық даму мәселелері,  жол жайына қатысты  ұсыныстарын жеткізді.

Жиын соңында Президент Жолдауындағы міндеттерді  жүзеге асыру туралы қала активінің  қарары қабылданды.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
134 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
182 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
471 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
481 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
609 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
909 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1001 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1029 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1240 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1506 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1735 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1773 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1921 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2119 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2341 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»