8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2019 2347 0
Қоғам

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келіп, Оралдағы Оқушылар және жастар сарайында өңір жұртшылығымен кездесті. 

– Бүгін Ақ Жайық өңіріне келіп, өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақтың игі жақсыларының ізі қалған өлкенің тарихы терең, дәстүрге бай. Батыс Қазақстанды киелі өңір деп атауымыз бекер емес. Бұл – Жәңгір хан мен Сырым батырдың, күйші Дәулеткерейдің, Шәңгерей мен әнші Мұхиттың қасиетті мекені. Жайықтан шыққан Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, Ақұштап Бақтыгереева, Ескендір Хасанғалиев сынды әдебиет және өнер тарландары барша халық таныған тұлғалар. Елбасы Батыс Қазақстан облысына әрқашан айрықша назар аударып жүргенін жақсы білесіздер. Орал – батысқа шығар басты қақпа. Сондықтан өңірге жан-жақты қолдау жалғаса береді. Жалпы облыстың географиялық жағдайы өте қолайлы, табиғи байлығы мол, өндірістік әлеуеті зор. Бүгінде Ақ Жайық жері қарқынды дамып келе жатқан өңір. Жуырда облыс әкімі Алтай Көлгіновті қабылдадым. Өңірде жақсы жұмыстар жасалды. Жаңа бастамалар іске қосылды. Бұл облыс әкімі Алтай Сейдірұлының жұмысының нәтижесі, –  деп бастады Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзін.

Батыс Қазақстан облысын – стратегиялық маңызды аймақ деп санайтынын айтқан Мемлекет басшысы облыс үшін ғана емес, барша халық үшін маңызды бірқатар мәселелерді шешу қажеттігін тиек етті.

БҚО – мұнай өндіретін жетекші аймақ. Республикада өндірілетін мұнайдың 14 пайызы, газдың 36 пайызы облысымызда өндіріледі. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі сегіз пайыз. Экспорттық әлеуетті ұлғайтуға да мүмкіндік мол. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы бірінші кезекте жоғары технологиялық кәсіпорындар ашуды тапсырып, инвестиция тарту жұмысын жүйелі жолға қою маңызды екенін атады. Мемлекет басшысының сөзімен айтсақ, Батыс Қазақстан – инвестиция тартуға қолайлы аймақ болуы керек.

–  Жуырда мен облыс әкімдерімен, министрлермен кеңес өткізіп, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы міндеттермен қатар, инвестиция тарту қажеттігін айттым. Өйткені дамушы елдердің ешқайсысы инвестициясыз алға жылжи алмайды. Үкімет облысқа жан-жақты жәрдемдесетін болады. Сондықтан облыс басшысына Орал қаласында индустриалды аймақты жасақтауды жеделдетуді тапсырамын, нақты жобаларды іске қосу қажет. Екінші тапсырма – агроөнеркәсіп кешенін серпінді дамыту. Облыс ет өнімдерімен дүниежүзілік нарыққа шығуда. Қой етін Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, Иранға экспорттау 3,5 есеге, сиыр етін шығару 21 пайызға артты. Бірақ, көңіл аударарлық мәселе де бар. Облыс ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бойынша 15-інші орында.  Өңірдің экономикасында ауыл шаруашылығының үлесі соңғы жылдары төмендеді. Бұл – өңірдегі қуаңшылыққа да байланысты. Бірақ, біздің міндетіміз – көрсеткішті жақсарту. Облыстың етті мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндігі бар. Сондықтан Үкіметпен бірге агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін пәрменді іс-шараларды  қабылдауды тапсырамын. Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану мен бөлуде ашықтық пен тиімді механизмді қолдану керек. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдап, олардың өнімдерінің өту мүмкіндігін кеңейту қажет. Ауыл шаруашылық өнідірісін заманауи технологияға көшіру маңызды. Бұл біздің алдағы бес жылдағы жұмысымыздың басымдығы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент облыстағы аудандарда бизнес бір деңгейде дамымай отырғанын сөзіне  тиек етіп, табысты кәсіпкерлікті ұлғайту – аймақтық экономиканың драйвері екенін жеткізді. Өңірдегі орта және шағын бизнес өндірісінің 90 пайыздан астамы және бұл салада еңбек ететіндердің 80 пайызы  Орал қаласы мен Бөрлі ауданында шоғырланған. Басқа аудандардың әкімдері де шағын және орта бизнесті дамытуға ынталандыруы қажет. Ол үшін халықтың мемлекеттік қолдау шараларын білу деңгейінің қаншалықты екенін де бағамдап, тұрғындарды ақпараттандыруды белсенді жүргізу қажет.

Мемлекет басшысы атаған төртінші міндет –халыққа тұрғын үй қолжетімділігін және таза экологиямен қамту. Облыста тұрғын үй құрылысы қарқынды. Ескі және апатты үйлер сүріліп, орнына жаңа баспаналар салынуда. Өткен жылы 432 мың шаршы метрдей тұрғын үй алаңы қолданысқа берілді. Екі мыңдай облыс тұрғыны «7-20-25» бағдарламасымен баспаналы болды. Биыл жеке инвестиция есебінен екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Бұл істерді оң бағалаған Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жастар жылы» аясында игі бастамаларды жалғастырып, облыстың барлық аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды және тұрғын үй саясатын белсендіруді тапсырды. Сондай-ақ 2020 жылы облыстағы елдімекендердің орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылуын 80  пайызға дейін жеткізу қажеттігін айтты. Бұл ҚР Үкіметімен бірге жүзеге асырылмақ. Облыс үшін жол мәселесі әлі де өзекті.

– Өңірдегі жолдың 70 пайызы қанағаттанарлық емес. Бұл экспорттық-транзиттік әлеуетті де төмендетеді. Қазір облыстың үш оңтүстік ауданында жол құрылысы жүруде. Қазталов, Бөкейорда, Жәнібек аудандарына бағытталған жол құрылысын 2021 жылға дейін аяқтау қажет. Бұл менің жеке бақылауымда болады, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлы әкімдіктер басқарудың жаңа технологияларын қолдану қажеттігін айтып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен бюджеттік қаржының пайдаланылуына қатаң бақылау болатынын айтты.  Жастарды жұмыспен қамту, жастардың өзін-өзі жетілдіруі – мемлекеттің басты нысанында болмақ.  Мәселен, жуырда волонтерлер форумы өтеді. Волентерлік – әлеуметтік маңызды қызмет. Сондықтан олар әрдайым мемлекеттің қолдауында болатынын жеткізді Президент. Сонымен қатар жастар үшін Президенттік кадрлық резерв құрылады. Оған конкурстық негізде 300 жас маман іріктелмек. Білім-ғылым, мәдениет, спорт, экономика саласында табысқа жеткен жастарды да қолдау жалғасады. Жұмыс жасамайтын, еш жерде оқымайтын жастардың мәселесі де шешіледі.

Өз сөзінің соңында Президент биліктің халық алдындағы жауапкершілігіне тоқталды.

– Менің басты ұстанымым – халықпен бірге болу. Бұл ұран сөз емес. Бұл іс жүзінде болуы тиіс. Билік халықты тыңдай білуі керек және нақты нәтижеге жұмыс жасауы тиіс. Жақында мен өзімнің бес жылға арналған саяси тұғырнамамды ұсындым.  Президент ретіндегі менің жұмыс бағытым – сабақтастық, әділеттілік, өрлеу қағидаларына сай болады. Менің ұстанымым: қуатты аймақ – қуатты Қазақстан. Біз өңірлерді дамыту үшін арнайы бағдарлама дайындаймыз. Әр өңірдің ерекшелігі ескерілетін болады,  – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы жұртшылықты еліміздің дамуы жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.

Жиында Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО филиалының төрайымы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақұштап Бақтыгереева, өндірістік кәсіпорындар атынан сөз алған «Зенит» зауытының бас директоры Валерий Валиев, Бөкей Ордасы ауданының тұрғыны Хайролла Сабыров, «Бәйтерек» ҚБ төрайымы Меруерт Санқаева және жастар атынан «07 life»  Жанайдар Сапарғали мінберге шығып, Мемлекет басшысынан бірқатар мәселелердің түйінін шешуге ықпал етуді сұрады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерлестерімізді алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында «Стройкомбинат» ЖШС директоры, Орал қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бақытжан Нұрбаев, «Автокомбинат» ЖШС-ның директоры, Орал қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Валерий Голоухов, Батыс Қазақстан облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Николай Дмитриенко, Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің тарих  пәні Гүлдана Нұғманова бар.

Өңірге сапары аясында Қасым-Жомарт Кемелұлы өндіріс нысандарының жұмыс барысымен танысты.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВТЫҢ суреті

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
76 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
342 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
601 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
840 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
877 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1030 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1224 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1459 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1544 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1654 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1662 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1692 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1697 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1801 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2022 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2329 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»