8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2019 1702 0
Қоғам

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ АСҚАР МАМИН БҚО-ҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Оралдағы«Желаев нан өнімдері комбинатында», «Кублей» ЖШС консерві зауытында, «Аквакультура тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісінің оқу-ғылыми кешенінде», «Квант» корпусты жиһаз өндіретін фабрикада, «Болашақ–Т» тұрғын үй құрылысы комбинатында, «Орал трансформатор зауытында», шиналар мен құрамында резина бар қалдықтарды өңдейтін «Кама Центр» кәсіпорнында болды. Сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы барысымен танысты. Үкімет басшысына «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларының өңірде жүзеге асуы туралы мәлімделді.

 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс саласына биыл 13 млрд. теңге бөлінген. Қазір 12 көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалардың өңірде іске асуы туралы баяндаған облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев жыл соңына дейін 1593 пәтер тапсырылатынын мәлім етті. Қазір үш бағытта жұмыстар жүруде – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несиелеу, жалға беру және көпбалалы отбасыларға тұрғын үй ұсыну.

– Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы биыл 1058 пәтер берілмек. Бүгіннің өзінде 10 мыңнан астам облыс тұрғынының есеп шоттарында  1 млн.теңгеден астам қаржы жинақтары бар. Екінші бағыт ­– жалға беру. Қазір 25 800 адам тізімде тұр. Оның 1 400-і көпбалалы аналар. Биылғы жылы 535 адам пәтерін алады. Әр облыс үшін шектеу бірдей екенін білеміз. Әйтсе де жалға алу үшін кезекте тұрғандардың көптігін ескеріп, қосымша қаржы бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді, ­– деді Бағдат Оразалдыұлы.

Премьер-министр Асқар Мамин Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында көпбалалы аналарды баспанамен қамту мәселесіне басымдық бергенін және бұл тапсырманың жақын уақытта  орындалуы қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Бағдат Оразалдыұлы «Нұрлы жер» бағдарламасы алғаш іске қосылған 2017 жылы үйдің 1 шаршы метрі үшін бағасы – 140 мың теңге болған болса, енді 160 мың теңгеге көтеру жайы қаралып жатқанын жеткізді.

Өңіріміз үшін инфрақұрылым құрылысына жеткілікті қаржы бөлінген. Дегенмен, әкімшілік екеу – Индустрия және даму министрлгі мен Энергетика министрлігі. Яғни, әрқайсысына жеке-дара жоба дайындау қажет. Су жабдықтау, кәріз жүйесі, кварталішілік жолдар – бір жоба болса, электр, газ жабдықтарын тарту екінші жобада дайындалуда. Бұл қолайсыздық тудыратынын айтқан БҚО әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев қос жобаны біріктіруді ұсынды.

Бұдан бөлек Премьер-министрге әлеуметтік жобалар таныстырылып, оларды жүзеге асырудағы кейбір мәселелер айтылды. Мәселен, қазір облыста жеті апатты мектеп бар. Оларды қайта салуға 4,4 млрд. теңге бөлінген.

– Бұл сала бойынша туындап отырған мәселе – Қазталов ауданындағы мектепке қатысты. Республикалық бюджеттен апатты мектептердің орнына жаңасын салу үшін 1 млрд. 200 мың теңге бөлінген. Қазталов ауданындағы мектеп негізінен 300 орындық болуы тиіс еді. Болашақты ескере отырып, біз 600 орынға жоба дайындадық. Өйткені қазірдің өзінде 750 бала оқып жатыр. Бөлінген қаржыға жұмыстарды бастаймыз. Білім министрлігі бізді қолдап отыр, тек қаржы министрлігінің бөлінген қаржыны қайта бөлгені  қажет,  – деді Бағдат Оразалдыұлы.

Асқар Ұзақбайұлы мәселенің оң шешілуі қадағаланатынын айтты. Сондай-ақ облыс басшысы Ғали Есқалиев биыл Орал қаласында екі жеке мектеп ашылатынын мәлім етті.

Ұзақ жылдардан бері Оралда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат болмаған еді. Бірер жыл бұрын қаржы бөлініп, жаңа ғимараттың құрылысы басталды. Сәтін салса, таяу күндері 150 орындық интернаты бар 250 оқушыға есептелген ғимараттың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Құрылыс жұмыстарының мердігері «Альтаир» ЖШС-ның директоры С.Потиченко болашақ мектеп-интернатта барлық жабдықтарымен үш спорт залы, футбол алаңы, спорттық жаттығуларға арналған секторлар, жүгіру жолы дайындалып жатқанын айтты.

Елбасы Н.Назарбаев 2022 жылға дейін 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырды. Өңірімізде бұл мәселе ҚПО қаржысы есебінен реттелуде.

– 4 млрд. теңге бөлініп отыр. 2022 жылға дейін 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Яғни, әр ауданда кемінде бір дене шынықтыру кешені болады. Биыл екеуінің құрылысы басталды. Қалғанының жобалары дайындалып, мердігерді анықтау жұмыстары жүруде, – деді Бағдат Азбаев.

2016 жылы облыстағы елдімекендерді таза ауызсумен қамту деңгей 36 пайыз болған еді. 2017 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасының жандануы арқылы облыс тұрғындарының таза суға қолжетімділігі арта түсті. Биыл 4,1 млрд. теңге бөлінген. Жыл соңына дейін елдімекендерді сумен қамту көрсеткіші 50 пайызға жетеді деп күтілуде.

Облыстағы ең өзекті мәселе – жол жайы. Облыс аумағындағы жолдың жалпы ұзындығы – 6,5 мың шақырым, республикалық маңыздағы жолдың ұзындығы – 1,4 мың шақырым, облыстық және аудандық маңыздағы жолдар – 5,1 шақырым. Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы жолдардың 92 проценті қанағаттанарлық жағдайда. «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында биыл 8 млрд. теңге бөлінді. 170 шақырымдық жолдың құрылысы биыл аяқталады.

Өткен жылы өңірімізге келген Елбасы Н.Назарбаев облыстың оңтүстігіндегі үш ауданның бағытына жол салуды тапсырған болатын. Қазір жоспар бойынша 2,4 млрд. теңге бөлініп, 13 шақырымға жол салынды. 2021 жылдың соңына дейін 240 шақырымдық жолдың құрылысы толығымен аяқталады. Елбасының екінші тапсырмасы – Орынбор бағытына 144 шақырымдық жолды салу.  Оның жобасы дайындалған. Министрліктен қажетті қаржы бөлінісімен бұл жолда да қызу құрылысы басталмақ.

Ал қазір ең күрделі мәселе болып отырған облыстық және аудандық маңыздағы жолдар. Десек те, Үкіметтің қолдауымен бұл мәселе де назарға алынып, 13,3 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаржыға биыл 150 шақырым жол жасалады.

 

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
136 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
307 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
345 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
619 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
632 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
757 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1060 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1151 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1179 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1390 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1661 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1885 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1925 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2072 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2270 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»