ҚР ҚПК 200-бабы шеңберінде ұсынымды қарау бойынша кезекті кеңес өткізілді
БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша күшейтілген алдын алу шараларын қабылдауда.

Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен көшпелі кездесулер өткізу практикасы бар.
2019 жылдың 17 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу өткізілді.
Кездесуге облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша енгізілген ұсыныс себеп болды.
Айта кету керек, сотқа дейінгі тергеулердің алдында «Сырым» бекетінде ұзын кезектің пайда болу фактілері болған.
Біз сотқа дейінгі тергеу шеңберінде де, жұртшылықпен бірлесіп Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу шеңберінде де осы проблематикаға талдау жасадық.
Талдаумен ҰҚК Шекара қызметінің және мемлекеттік кірістер департаментінің статистикалық есептілігінде айқын айырмашылықтар анықталды.
Шекара қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың сәуір – маусым айларында «Сырым» өткізу бекеті арқылы 55 618 жүк автокөлігі жүріп өткен. Облыс мемлекеттік кірістер департаментініңмәліметтері бойынша бұл сан 23 008 жүк көлігін құрады, бұл ҰҚК ШҚ мәліметтерімен салыстырғанда 32 610-ге аз. Осы мәселелер бойынша ресми түсіндірулерден мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы қалыс қалды.
Айта кету керек, дәл осы айқындық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасау шарттарының бірі болып табылады.
Бұдан басқа, МКД қызметкерлерінің жүргізушілермен тікелей байланысуына, Интернеттің жылдамдығының баяулығына (МКД автоматтандырылған деректер базасы нашар жұмыс істейді), бейнекамералармен және т. б. жеткіліксіз жабдықталуына байланысты бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айтылды.
Алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу мақсатында МКД басшылығына тиісті ұйымдастырушылық шараларды қабылдау ұсынылды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу