ҚР ҮКІМЕТІ РЕЗЕРВІНЕН БҚО ОҚУШЫЛАРЫНА 600 ПЛАНШЕТ ЖЕТКІЗІЛДІ
Бүгін, 18 қыркүйекте «Aqjayiq – adaldyq alany» жобалық кеңсесі, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінің және мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен БҚО білім басқармасында мектептерге арналған компьютерлік техниканы бөлу бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Бұған дейін хабарлағанаымздай, қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру мақсатында БҚО әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына уақытша пайдалануға беру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 14970 бірлік компьютерлік техника (компьютерлер – 1558 бірлік, планшеттер – 2018 бірлік, ноутбуктер 11394 бірлік) сатып алуға 2 318 399 596 теңге сомасында қаражат бөлінген болатын.
Оның алғашқысы, 8 қыркүйекте жеткізіліп, 735 планшет Орал қаласы, Жаңақала, Сырым аудандары оқушыларына таратылды, оданк кейін, 1500 келген 1500 ноутбук Орал қаласы, Теректі және Бәйтерек аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына берілді.
Бүгінгі күні «Казинтерсервис» ЖШС компьютерлік техниканың бір бөлігін, нақтырақ айтқанда 600 планшетті жеткізіп отыр. Бұл планшеттер Ақжайық, Бөкейордасы, Бөрлі, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Тасқала және Шыңғырлау аудандарындағы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға берілетін болады.
Еске сала кетейік, осы аптаның басында өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім бөлімінің басшысы Айгүл Мыңбаева ҚР Үкіметінің резервінен сатып алынатын компьютерлік құрылғылар 1 қазанға дейін толығымен өңірге жеткізілетінін мәлім етті.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу