«ҚҰРҒАҚ УӘДЕ БЕРМЕДІМ»
Шалқыма ҚҰРМАНАЛИНА, Орал қалалық мәслихатының 4 шақырылымының депутаты:
– Қазақстан Мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ҚР Парламенті Сенатының «Алғыс хатымен» марапатталдым. Депутаттық жұмыс сан-қилы. Өзім 1999-2016 жылдары, яғни 4 шақырылымда халық қалаулысы болдым. Осы жылдар ішінде көп тәжірибе жинақтадым. Халық пен биліктің арасын жалғап, қарапайым жұртшылықтың мұң-мұқтажына көп мән бердім. Алға нақты мақсат қоямын. Төртінші округтен депутат болып сайланған соң сол ауданның тұрғындарына етене жақын едім. Көпшіліктің ұсыныс-тілектеріне бей-жай қарамадым. Жұмысқа орналасу, тұрғын үй мәселесін алға тартып келетіндерге нақты кеңес бердім. Айына бір мәрте «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды кесте бойынша бір сағат қабылдау керекпіз. Бірақ мен уақытпен санаспадым. Өйткені, қабылдауыма тұрғындар көп келетін. Олардың әдейі мені іздеп жүретінін кейін білдім. Оның өзі халықтың депутатқа деген сенімі. Бизнесмен болмағаныммен, әр адамды жылы қабылдап, ақыл-кеңесімді айтамын. Сол жылдары округтегі көше жолдарын жөндеу жөнінде депутаттық сауалды көп жолдадым. 2017-2018 жылдары осы мәселе шешімін тауып, орталықтағы көшелер жөндеуден өтті. Халықтың алғысын алдым деп толық айта аламын. Депутаттықтан кетсем де тұрғындар мені іздеп жұмыс орныма келіп жүрді. Мәслихат жұмысына барлық жанға бірдей жаны ашитын, қарапайым халықтың проблемасын тіке қабылдайтын жандар ғана араласуы қажет деп ойлаймын. Құрғақ уәде бермей, ойы, көңілі халықпен бір жерден шығатын жан ғана депутат бола алады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу