Р.АҚМЫРЗАЕВ: «БӘРІМІЗ БІРГЕ АДАЛ ҚОҒАМ ҚҰРУҒА АТСАЛЫСАЙЫҚ»

Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде» деп атап өтті. Бүгінгі таңдағы
«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы қоғам мен мемлекеттік мекемелерді біріктіруші, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы ерекше жүйе екенін көрсетіп отыр. Бұл алаңда меншік нысанына қарамастан, барлық белсенділер бас қосуда. Ірі компания өкілдері, жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерлері, еңбек демалысындағы зейнеткерлер, барлығы да мемлекеттің дамуына кедергі болатын сыбайлас жемқорлықты жою үшін үлестерін қосуда.
Президент Жолдауда: «Енді жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес жауапқа тартылудан қорыққан шенеуніктерді дербестік, бастамашылдық және жедел әрекет ету қасиеттерінен айырмауға тиіс» деп атап өтті. Осы ретте енді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әр жартыжылдық қорытындылары бойынша орталық органдар мен әкімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары бойынша ақпарат беретін болады. Бұл өз кезегінде әр басшының жауапкершілігін күшейтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық шараларды орындауға міндеттейді. Негізгі іс-қимыл жемқорлықтың алдын алуға жұмсалады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізіп, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасын болдырмауды және ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағиданы қатаң сақтауға шақырды. Сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыруды тапсырды.
Президент қойған негізгі жұмыстар алдағы уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен толық жүзеге асырылып, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық кеңестердің» рөлін арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.
«Бұл біздің қолымыздан келеді» деп Президент Қ.К.Тоқаев сенім білдірді. Ендеше, бәріміз бірге адал қоғам құруға атсалысайық.
Рустам АҚМЫРЗАЕВ, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу