8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2021 2154 0
Қоғам

qurban2021.kz ЖОБАСЫ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ДӘНЕКЕР

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, ҚМДБ-ның БҚО облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен БҚО-ның орталық коммуникациялар қызметі орталығында баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз мәслихатында ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Бақытжан Сабралиев Ақжайық жұртын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, дінбасымыздың ыстық сәлемін жеткізіп, qurban2021.kz жобасының мақсаты қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну екенін атап өтті.
«ҚМДБ-ның qurban2021.kz сайты іске қосылып, Құрбан айттың үшінші күні, яғни 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы аралықта тапсырыс бере алады. Сондай-ақ 17 шілдеден бастап осы сайт арқылы мұқтаж отбасылар құрбандық етін алуға өтініш бере алады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен имамдар мен еріктілер айналысады», – деп жауап берді бас имам.
«Құрбан шалғанда «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, ләә илаһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд» деп тәкбір айтылып, «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деп бауыздалады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату – сауап. Бір бөлігі туған-туыс, көршілеріне, екінші бөлігі кедей мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі өзінің бала-шағасына, отбасына беріледі», – деген сынды бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды.
Жиылған БАҚ өкілдеріне қасиетті Құрбан айт ұлы мереке екенін ескертіп, Арафа күні ораза ұстауға шақырып, қойған сауалдарына жауап берді.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»