ПСИХОЛОГТАР МЕН СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІ ОҚЫТЫЛАДЫ
Өңірге жұмыс сапарында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Орал жоғары аграрлық-техникалық колледжінде, «Жәңгір хан» жеке балабақшасында, №50 орта мектепке арнайы барды.
Таяуда ғана пайдалануға берілген Сарытау шағынауданындағы №50 орта мектепте өткен кездесуге аталмыш білім ордасының ұжымы, қала мектептері мен балабақшаларының директорлары қатысты. Ұстаздар алдында сөз алған ҚР Білім және ғылым министрі Елбасының тапсырмасына орай халықтың әл-ауқатын түзеу бағытында қолға алынатын жұмыстармен таныстырып, білім саласындағы өзгерістерге тоқталды.
– Білім саласында ең алдымен жалақысы төмен техникалық қызметкерлердің айлық табысы көбейеді. Ұстаздардың табысы 2009 жылдан бастап бірнеше рет жоғарылағаны белгілі. Былтыр еңбекақыларыңыз кәсіптік шеберліктеріңізге байланысты көбейді. Қазіргі таңда ең төменгі жалақы 90 мың теңгенің айналасында, орташа жалақы 140-150 мыңдай, ал жоғарғы жалақы 160 мың теңге төңірегінде. Ауылдық жерлердегі мектептерде 18 сағат жүктемесі бар, жоғары санатты педагогтардың айлық табысы 190 мың теңгеге жетіп жығылады. Төменгі жалақы деңгейі 100-110 мыңнан басталады. Жалпы ұстаздардың жалақысы кәсіптік шеберліктері мен жұмыс өтілдеріне байланысты, – деді Күләш Ноғатайқызы. Министрдің мәлімдеуінше, Елбасы соңғы жылдары білім саласына енгізілген бірқатар өзгерістерді нәтижеге бағыттауды тапсырған. Соның ең бастысы – мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Алдағы үш жылдың ішінде жаңартылған білім бағдарламасына сәйкес 144 мың мұғалімнің біліктілігін арттыру жоспарланған. 85 мың психологтар мен сынып жетекшілеріне арналған курстар жұмыс жасайтын болады. Бұдан бөлек жоғары оқу орындары мен колледждердің педагогтарын оқыту көзделген. Әсіресе, педагогикалық оқу орындарының оқытушылары жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқытылады. Өйткені олар осы жүйеге маман даярлайды.
Сондай-ақ сала министрі химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту мәселесіне де назар аударды. Аталған пәндерді ағылшын тілінде оқыту мұғалімдердің, мектептің дайындығына байланысты біртіндеп енгізілмек. Бүгінде 150-ге тарта мектепте пәндер ағылшын тілінде жүргізіле бастапты. Олардың іс-тәжірибелеріне де мониторинг жүргізіліп, жіті зерделенуде. Ал Назарбаев зияткерлік мектептері «Жүйелі әдістемелік кешен» порталында ағылшын тіліндегі бөлімді ашуға дайындалуда. Бұл да мұғалімдерге үлкен көмек болары сөзсіз. Ал қазақ тілін латын қарпіне көшіруге байланысты қазақ тілі пәні мұғалімдерімен жұмыстану көзделуде. Әңгіме барысында жаңартылған білім мазмұнына тоқталған Күләш Ноғатайқызы бұл – уақыттың талабы, сондай-ақ ұстаздық мамандықтың да жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.
Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов өңірімізде педагог мамандар даярлайтын оқу орындарының оқытушыларын Назарбаев зияткерлік мектептерінің бағдарламасымен оқытуға басымдық берілетінін жеткізді. Кездесуде министр ұстаздар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу