8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2020 2152 0
Қоғам

ПРОФЕССОР ШАМҒОНОВ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ

Жәңгір хан университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде профессор Әскерғали Шамғонов атындағы аудиторияның ашылу салтанаты өтті. Бұл күні ғалым 79 жасқа толар еді.

 

Ғалым атындағы дәрісхананың ашылу салтанатына Әскерғали Шамғонұлының туған-туыстары мен достары, әріптестері мен шәкірттері қатысты. Дәрісхананы жабдықтауға үлес қосқан да – солар.

Әскерғали Шамғонұлы – Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының (қазіргі Жәңгір хан атындағы БҚАТУ) алғашқы түлектерінің бірі. Ол 1968 жылы ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы 50 маманның қатарында болып, үздік дипломмен тәмамдаған.

Институтты бітіргеннен кейін Ә.Ш Шамғонов білім алған ордасында қалып, университетте 50 жыл, ғұмырының соңына дейін, қызмет етті. Мемлекет пен өңір экономикасының дамуына үлес қосты.

Профессор Ә.Шамғоновтың ғылыми жетекшілігімен кандидаттық және магистрлік диссертациялар, 350-ге жуық дипломдық жұмыс қорғалды. Әскерғали Шамғонұлы – экономикалық және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша 100-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектің авторы.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамоталарымен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
80 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
127 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
165 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
420 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
442 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»