8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Желтоқсан 2019 1575 0
Қоғам

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕН СЫЙ

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында БҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына сыйлықтар тарту етті.

Полиция қызметкерлері қаладағы №20 мектеп ұжымымен бірлесе отырып, Аяз ата мен Ақшақар киімінде балаларға жақсы көңіл күй сыйлады. Зашаған кентінің бірқатар тұрғындарына соның ішінде ер азаматтарынан айырылып, көп бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналарға көңіл бөлуге тырысты. Атап өтер болсақ,  4 балалы Сапунковтар отбасына, 4 баласы бар Таишевтар отбасы, 6 балалы Әбдрахмановтар отбасына, сондай-ақ, қызмет  бабында қаза болған ішкі істер органдарының қызметкері Сералиев Даниярдың отбасына барды.

Сырым ауданы Пб Учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Данияр Сералиев  осыдан тура бір жыл бұрын қызмет бабында жүріп жол-көлік апатынан қаза тапқан еді.  Алайда, кенеттен көз жұмған тәртіп сақшысының әріптестері марқұмның жолдасы мен артында қалған үш баласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес.

Тосыннан келген Аяз Ата мен Ақшақарға балалар өз өнерлерін көрсетіп, тақпақтарын айтып, қуанышты сезімде болды. Отбасы мүшелері Аяз Ата мен ақшақардың айналасына жиналып, қасына суретке түсіп, ризашылықтарын білдірді. Балалардың Жаңа жыл сайын Аяз атасынан сыйлық сұрап, хат жазатындарын да жеткізді.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
66 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
114 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
153 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
412 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
432 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»