8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Сәуір 2019 1848 0
Қалалықтар қаперіне

ПОЛИЦИЯ БӨЛІНІСТЕРІ БАСШЫЛАРЫ ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗЕДІ

5 және 6 сәуір күндері Батыс Қазақстан облысының барлық өңірлерінде «Жолда қабылдау» мобильді акциясы өткізіледі.

Акция Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша халықпен кері байланысты орнату және полиция бөліністері басшыларының тұрғындармен жеке кездесуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда.

Қала орталығында және барлық аудандарда әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтерінің басшылары азаматтарды қабылдайды.
Барлық аудандарда арнайы жабдықталған автобустар болады.

БҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, мобильдік қабылдау кезінде тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекетік қызметтер туралы ақпарат алып, ішкі істер огандарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Тұрғындарға қолайлы болу үшін бұл арнайы автобустарда тіркеу-емтихан қабылау, жол техникалық бақылау және әкімшілік практика бөліністерінің басшылары да жұмыс істейтін болады.

Орал қаласында акция Н.Назарбаев даңғылы бойынша С.Датұлы алаңына қарсы жерде, Астана шағын ауданындағы Достық үйі ғимаратының алдында сағат 10.00-ден сағат 19.00-ге дейін жалғасады.

Осы күндері 98-40-18 +7 776-932-06-55 телефондары жұмыс жасайды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
255 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
593 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»