ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан полициясы күніне орай ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін батысқазақстандық 12 полиция қызметкері және БҚО полиция департаменті бастығының бұйрығымен 1 мыңнан астам қызметкер марапатталды. БҚО полиция департаментінде өткен салтанатты марапаттау жиынына қызметтік міндетін орындау кезінде ерілікпен қаза тапқан полицейлердің ата-аналары, асыл жарлары, балалары қатысып, оларға да құрмет көрсетілді.

Салтанатты шарада ҚР ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаевтың құттықтауы оқылып, қылмыспен күресте және тәртіпті қаматамасыз етуде дараланған қызметкерлерге медальдар, марапаттар, офицерлік погон, алғыс хаттар табасталды.
– Сіздер тыныштығын күзетіп отырған азаматтар сіздерден кәсібилік, адалдық күтеді. Сенімге лайық тәртіп сақшысы, халыққа берген анттарыңызға берік болыңыздар. Елге қызмет етер осындай ұл-қыз тәрбиелеп жеткізген ата-аналарға алғыс айтамын, – деген БҚО полиция департаменті бастығы Махсудхан Аблазимов мерекелік ізгі тілегін білдірді.
Сондай-ақ мінберге БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаев көтеріліп, құттықатуын жеткізді.
– Қазақстан Полициясы күні – егеменді елімізде осы құрылымды құрған тұлғаларға және ардагерлерге құрмет көрсететін, еліміздің тыныштығы мен адамдардың қауіпсіздігі үшін жан қиған азаматтарымызды еске алатын күні. Кәсіби мереке қарсаңында ризашылық пен құрметтің нышаны ретінде ішкі істер органдарының барша ардагерлері мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстандық полиция мемлекет тарапынан қойылған талаптарды, соның ішінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ату үшін міндеттерді табысты жүзеге асырып келеді. Бұл ортақ іске Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ұжымы да елеулі үлес қосуда. Ержүрек әріптестеріміздің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Олардың отбасылары біздің назарымыздан тыс қалмайды. Сонымен қатар мерекемізге ішкі істер органдарының ардагерлері қатысуда. Олардың зор әрі кәсіби тәжірибелері біздер үшін, жас буын өкілдері үшін баға жетпес байлық. Жас мамандарды тәрбиелеуге. Қызметкердердің бойында жоғары адамгершілік құндылықтарын, патриоттық сезімін, отанына деген сүйсіпеншілігін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін ардагерлерімізге ерекше алғысымызды білдіреміз, – деді Серік Қойсарыұлы.
Тәуелсіздік жылдары адал еңбегі, қызметтік міндетін орындаудағы жан қиярлық ерлігі үшін мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскерлері мемлекеттік марапат алған. Өкінішке орай, 100-ден астамына дүниеден өткеннен кейін берілді. Осы жылдары қылмыспен күресуде 700-ден астам полицейлер мен әскерилер өмірлерінің соңына дейін міндеттері мен анттарына адалдық танытып, қызметтік міндеттерін атқаруда көз жұмған. Олардың 32-сі батысқазақстандықтар.
Қазіргі уақытта өмірлеріне қатер төнсе де міндеттерін адал атқарып жүрген полицейлер жетерлік. Олар бүгінгі күннің қаһармандары. Мәселен, биылғы жылы полиция капитаны Мұхит Әбілқайыров әріптесі, полиция лейтенанты Жандос Құбаевпен бірге үйлесімді әрекеттің арқасында мойнына пышақ тақап тұрған ер адамның қолынан бес жасар баланы арашалап алған болса, Полиция аға лейтенанты Нұрболат Смағұл мен полиция лейтенанты Нұржан Ғұмыров мамырдың жауынды күні көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған бойжеткенді құтқарды.
Салтанатты шара Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония және БҚО ПД вокалды-инструментальды ансамблінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.





Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу