8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қыркүйек 2019 1505 0
Қоғам

Педагогикалық колледждің жаңа стратегиясы бойынша жоба жұмыстары басталды

Жаңа оқу жылы Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж студенттері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Олар колледждің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлескен пилоттық жобасына қосылды. Республикадағы педагогикалық колледждердің жаңа стратегиясы бойынша алғашқы жоба «Бастауыш білім беру» мамандағы бойынша эксперименталды бағдарламаны енгізуге бағытталған.

Бірінші қыркүйек бірінші курс студенттері үшін Педагогикалық шеберлік орталығы дайындаған «Мамандыққа алғашқы қадам» күні ретінде аталды. Бұл  – болашақ мұғалімдердің заманауи мектепте оқу және жас мұғалімдердің өзін-өзін тиімді дамыту мотивациясына арналған ірі жобаның аясындағы арнайы жоба.

«XXI ғасырдағы білім беру»  пікірталас семинарында  табысты педагогтың үздік техникалары мен дағдылары талқыға салынды. Бағдарламада болашақ мұғалімдердің қызығушылығын тудыратын ойын-интерактивті тренингтер, шағын дәрістер, пікірталастар болды: «Z ұрпағы: Біз қандаймыз?», «21 ғасырда қалай оқимыз және неге оқимыз?», «Білім алу мен өзін-өзі жетілдірудің үздік техникалары», «Академиялық адалдық», «Мәтінмен жұмыс стратегиялары», «Студент көшбасшылығы – мұғалім көшбасшылығы».

Басты оқиға Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне экскурсия болды. Студенттер бұл жерде жұмыс істеуді армандайтындарын мойындады. Студенттерді мұғалімдердің практикасына қойылатын талаптардың өзгергендігі, олардың мектепке жақындай түскені туралы жаңалықтар қуантпай қоймады.

«Менің болашақ мектебім» кампустуры, көшбасшылық пен шығармашылық бойынша тимбилдинг пен тренингтер, «Менің кәсіби ұстанымым. Болашақ. Мансап» рөлдік ойыны, ал ең бастысы тәжірибелі мұғалімдердің шеберлік сағаттары сериясы студенттерге командалық рух, кәсіби ынтымақтастықты сезінуге мүмкіндік берді, – дейді Орал қалалық ПШО директоры Лариса Обыденкина.

Сонымен қатар бес күн бойы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы тренерлері ұйымдастырған практикумдар мен шеберлік сабақтары колледж ұстаздарына жаңа педагогикалық тәсілдер негізінде пәндер бойынша оқытудың оқу бағдарламаларын, жоспарларын әзірлеу дағдыларын жақсартуға мүмкіндік берді. Орталық мамандары колледж педагогтерінің біліктілігін арттырудың 90-нан астам бағдарламасын дайындаған.

Айта кетейік, NIS және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бірлескен жобасы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы меморандумға сәйкес жүзеге асуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
65 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
355 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
599 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
633 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
787 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
983 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1219 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1300 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1410 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1415 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1447 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1453 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1558 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1774 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2088 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1972 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2084 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»