ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ТОЛЫҚТЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Осы атаулы күнде елімізде мыңнан астам белсенді азамат партия қатарына қосылды. Сан түрлі сала өкілдері, жас кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестік мүшелерімен қатар, белсенді жастар да бар. Батыс Қазақстан облысы бойынша 26 мыңнан астам партияластардың қатары жаңа 43 азаматпен толықты. Атап өту керек, өткен жылдармен салыстырғанда партиялықтардың арасында әйелдердің саны 30 пайызға артса, жастардың саны 5 есеге көбейді.

Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаев атап өткендей, нұротандықтардың басты принциптері – жауапкершілік, командалық рух және партия идеалдары мен құндылықтарына берік болу. Осы Жарғы талаптарына сәйкес партиялықтардың сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмысты жалғасуда. Сондай-ақ партия жақтастарының институты да кеңейтіледі.
Салтанатты түрде бүгін партия қатарына енген азаматтарға партия мүшесі билеттерін Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев табыстады. Өзінің құттықтау сөзінде Мұрат Рахметұлы алдағы уақытта партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға зор үміт артылатындығын атап өтті.
– Осы айтулы күнде баршаңызды партия қатарына қосылуларыңызбен құттықтаймын! Өздеріңізге белгілі, партиямыз билік пен халық арасындағы байланыстырушы буын ретінде халық үшін аянбай қызмет етіп келе жатыр. Нақты істер партиясына қосылып, ел игілігі үшін тынбай еңбек етіп жүрген азаматтардың қатарында сіздердің де болатындарыңыз көңілге қуаныш ұялатады. Алдағы уақытта сайлауалды бағдарламаға енген барлық уәделеріміз бен халқымыздың аманаттарын орындау міндеті тұр. Сондықтан еліміздің одан әрі дамуы жолында бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенімдімін, – деді Мұрат Мұқаев.
Партия қатарына жаңадан қабылданған жас кәсіпкер, БҚО Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, #BIZBIRGEMIZ жалпы ұлттық акцияның белсенді қатысушысы, жасотандық белсенді Жадыра Баракова алғысын білдіріп, сенімді ақтауға бар ынта-жігерін салуға уәде берді.
Шараны қорытындылаған Мұрат Рахметұлы «Nur Otan» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, әрқашан еліміз үшін күрделі әрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдап, олардың орындалуына әрдайым қол жеткізетінін жекізді.
– Тәуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін және елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Партия әрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дайын болудың, ұтқырлықтың, жан-тәнімен берілудің үлгісі болуға тиіс. Барлық партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілейміз, – деп түйіндеді Мұрат Мұқаев.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу