«ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ» БЕЙНЕБАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында «Парасатты қоғам» атты бейне байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың негізгі міндеті – ҚР-да жүзеге асырылатын мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты танымал ету, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күресу проблемасына назар аудару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру. Байқауға колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Байқау қорытындысында І орынды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті алды, ІІ орын Республикалық жоғары техникалық колледжіне (авторы: Баймурзина Әлия Мейрамқызы) берілді. ІІІ орынды Қаратөбе колледжі (авторы: Жамбылқызы Білжан) иеленді.
Сондай-ақ байқауға қатысқан Орал ақпараттық технологиялар колледжі (авторы: Иманбаева Гүлзия), Теректі колледжі (авторы: Э.Бисенғалиева), Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Орал «Сервис» технологиялық колледжі (авторы: Балмаш Серік), Бөкей ордасы колледжі (авторы: Танатов Ф.), Құрманғазы атындағы саз колледжі (авторы: Ерболат Әлішер), Бәйтерек колледжі алғыс хаттармен марапатталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу