ОРМАН АУМАҒЫН БҮЛДІРГЕН МЕРДІГЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке Орал қаласындағы Перевалочно-Набережная көшесінің тұрғындарынан түскен өтінішке сай бүгін мемлекеттік органдар бұрынғы «Землячка» былғары зауытының аумағына, яғни «Орал қаласы, Д.Нұрпейісова көшесі, 40/2 мекенжайы бойынша 5 қабатты үйдің құрылысы» нысанына барды. Бұл шараға құрылыс аумағына жақын орналасқан үйлердің тұрғындары да келді.

Осы аумақта Тапсырыс беруші «Zhayik City» ЖШС, ал мердігер «Таза Құрылыс» ЖШС құрылыс салуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқаны анықталды. Сонымен қатар мердігерлік ұйым Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің Орал орман шаруашылығының мемлекеттік орман қоры аумағына ағаш және бұталармен бірге құрылыс қоқыстарын төгіп тастаған.
Құрылыс жұмыстары кезінде Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ іргелес жерде мемлекеттік орман қорының аумағы қоқысқа айналған. Осыған байланысты, аталған факті бойынша Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ қызметкерлері «Таза Құрылыс» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 372-бабы 2-бөлігі бойынша «Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдіру, ластау және орман қорының жерлеріне өзге де залал келтіру» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Айыппұл сомасы – 35 АЕК, келтірілген залал – 236 130 теңге.
«Таза құрылыс» ЖШС мемлекеттік орман қоры аумағынан барлық құрылыс қоқыстарын жинауды міндетіне алды. Сонымен қатар, аталған ЖШС Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-мен қандай да бір құрылыс іс-шараларын өткізуге келісім алмағаны анықталды.
Қазіргі уақытта тиісті сараптама үшін топырақ сынамалары алынды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу