8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2021 3034 0
Өзек

ОРМАН АЛҚАБЫ ӨРТЕНІП ЖАТЫР

Оқиғаға байланысты БҚО ТЖД-да жедел штаб құрылды.

БҚО Төтенше жағдайлар департментінің  хабарлауынша, бүгін, 16 тамыз күні сағат 14.55-те Бәйтерек ауданы, Трекино ауылдық округі Трекино ауылы және Володарка ауылы аралығында «Орман және жануарлар әлемін қорғау Январцев коммуналдық мемлекеттік мекемесі» аумағында шамамен 8 гектар алаңда құрғақ шөп және шамамен 5 гектар алаңда орманда үйеңкі мен теректер жанған.

Сағат 17.20-да өрт Жайық өзені арқылы Теректі ауданы Ақсуат ауылдық оуругі  аумағына ауысты. «Орман және жануарлар әлемін қорғау Орал коммуналдық мемлекеттік мекемесі» аумағындағы шамамен 5 гектар аумақта құрғақ шөп пен 3 гектар аумақтағы  үйеңкі мен теректер өртенген.

Оқиға орнынан ТЖД күшімен Жайық өзенінде байдаркада жүзіп, жаттығып жүрген спорт клубының 10 адамы құтқарылды, оның тоғызы бала.

Көмекке БҚО ТЖД 31 қызметкерімен Кунг шықты. Жалпы оқиға орнында ТЖД  68 қызметкері және 10 бірлік техника, орман шаруашылығынан 10 қызметкер мен 2 бірлік техника және еріктілерден 5 қызметкер және 1 бірлік техника жұмыс атқаруда.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
44 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
255 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
593 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»