ОРАЛДЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ
Республикалық ғылыми жобалар байқауында 750 жас зерттеушінің авторлығымен 576 ғылыми жоба ұсынылды. Оның ішінде Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының екі жобасы үздік деп танылды.⠀


Беделді сайыстың жеңімпазы атанған 9-сынып оқушысы Айнамкөз Рафихова үстел ойындарының маңызын зерделей келе «Зерек» ойынын құрастырған. Үстел ойынының шарттары жеңіл, түрлі бонустарының қамтылуы да қатысушыны өзіне елітеді. Ойыншыға көмекке Желаяқ, Көлтауысар секілді ертегі кейіпкерлері де келеді. ⠀
– Ойынның техникалық сипатына өнер пәні жауап берсе, ішкі мазмұны қазақ әдебиетінің еншісіне тиді. Үстел ойынының интеллектуалды пайдасымен қоса психологиялық тұрғыда оң әсерін байқадым, – дейді ол.⠀
Ал осы мектептің 10-сынып оқушылары Азиза Ташимова мен Әнел Әкімнің ізденіс тақырыбына Күнбатыс Алашорда қайраткерлері – Халел Досмұхамедов, Дәулетше Күсепқалиев, Мәжит Шомбалов, Ахмет Мәметов сынды қазақтан шыққан алғашқы жоғары білімді дәрігерлер арқау болды. Жас зерттеушілер алғашқы дәрігерлер мұраларының маңыздылығын талдап, олардың ұлт денсаулығын сақтаудағы рөліне баға берген. Оралдық қос зияткердің бұл ғылыми жобасы үздік үштікке кірді. Оқушылар қайраткерлердің өмір жолы туралы сайт та жасақтапты.⠀
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде

Кіру
Пікір үстеу