ОРАЛДЫҚТАРДЫҢ ЖЫЛУҒА БЕРЕШЕГІ 400 МИЛЛИОНҒА ЖЕТКЕН
Қазіргі таңда «Жайықжылуқуаты» кәсіпорнында жоспарлы жөндеу басталды. 23-27 тамыз аралығында мұнда коллекторларға, бу және жоғары қысымды газ құбырларына жоспарлы кешенді жөндеу жүргізіліп, қысқы жылыту маусымына дейін барлық жабдықтар тексерілмек. Қысқа дайындық қалыпты жүріп жатқандықтан, келер маусымда қала жылы болады деп күтілуде.
«Жайықжылуқуаты» ЖШС бас директоры Қуат Мусиннің айтуынша, компанияға 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына дайындыққа, яғни күрделі және орташа жөндеуге 405 миллион теңге қарастырылған. Жоспарға сай жылу электр орталықтарын жөндеуге – 197 млн. теңге, жылу желілерін жөндеуге – 208 млн. теңге бағытталып отыр. Күні бүгінде жылу қуаты орталықтарын жөндеу жұмыстары 83 пайызға орындалып, 164 млн. теңге игерілген. Ал жылу желілерін ауыстыру бойынша жұмыстар 70 пайызға тәмамдалған. Бұл мақсатқа әзірге 115 млн. теңге жұмсалыпты.
– Күрделі жөндеу кезінде, қала тұрғындарына ыстық су беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Бұл жұмыстарды жылда тамыз айының соңында жоспарлаймыз. Биыл кестеге сәйкес, ЖЭО тамыздың 23-і мен 27-сі аралығында жұмысын тоқтатты. Құрылғы толығымен салқындағаннан кейін біз жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Жабдықты ертерек қосып, қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз ету үшін күндізгі уақытты толық пайдалануға тырысамыз, – дейді Қуат Мусин.
Кәсіпорын басшысының сөзінше, бюджеттік ұйымдар мен өндірістік секторлар арасында жылу мен ыстық суға берешек төлеуде мәселе туындаған емес. Олар өткен жылыту маусымында тұтынылған жылу ақысын толық төлеген.
Ал қала тұрғындарының кәсіпорын алдындағы қарызы шамамен 400 миллион теңгені құрайды, оның 150 миллион теңгесі өткен жылдардан қордаланса, осы айдағы берешектің өзі 60 миллион теңгеге жуықтаған. Ал қалған 190 миллион теңге – оралдықтардың жыл басынан бері өтелмеген қарыздары.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу