ОРАЛДЫҚТАР ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
Орал қаласында санитарлық-экологиялық айлық шарасы басталды. 1 сәуірден бастап жарияланған тазалық іс-шарасы екі айға, яғни 1 маусымға дейін жалғасады. Айлықтың алғашқы күнінде облыс әкімі Ғали Есқалиев пен қала әкімі Абат Шыныбеков бастаған әкімдік мамандары Жұбан тынымбағында сенбілік жүргізді. Демалыс орнын тазартып, қалдықтарды жинап, ортақ іске жұмыла кірісті.

Қала әкімі Абат Шыныбеков екі айға жарияланған сенбілік маусымының басты мақсаты – қаламызды қысқы қалдықтардан арылту, жазғы маусымға сай келбетін қалыптастыру. Аулалар мен көшелердің, тынымбақтар мен саябақтардың, өзен жағалауларының тазалығын қамтамасыз ету.
– Орал шаһары – жасыл әрі таза өлке. Сондықтан жасыл қаламыздың тазалығын сақтауға барлық тұрғындарды жұмылдыруымыз керек. Нәтижесінде өзіміздің жайлы демалысымызға жағдай жасаймыз. Сенбілік іс-шаралары барысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталады. Сенбілік жұмыстарын ұйымдастыру – коммуналдық мекеме қызметкерлері мен жауапты ұжымдардың ғана міндеті емес. Ортақ мүддені көздейтін санитарлық-экологиялық айлыққа барша оралдықтар үлес қосып, өз үйлері мен аулаларының аумағын түрлі қоқыс-қалдықтардан арылтқаны дұрыс, – деді А.Шыныбеков.
Облыс орталығы 20 учаскеге бөлініп, сәйкесінше әрқайсысына жауапты мекемелер, қалалық бөлімдер, әкімдіктер бекітілген. Әр аймақтағы бизнес нысандарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке тұрғындардың апта сайын сенбіліктерге шығып, өз иеліктеріндегі аумақтарда тазалық шараларын өткізуіне көмектеседі.
Құрамына тиісті құзырлы органдардың өкілдері кіретін арнайы штаб екі айлық сенбіліктер барысында апталық қорытынды жасап отырады. Күн райы жылынған соң негізгі көшелердегі ғимараттардың қасбеттерін жөндеу, әрлеу, әктеу, жасыл желектерді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі.


zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу