8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2019 2037 0
Өзек

ОРАЛДЫҚ ҚОС ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗМЕТТЕН ҚУЫЛДЫ

Қаланың қақ ортасында төбелескен оралдық полицейлер қызметінен қуылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің мамандары хабарлады. Олар қызметтік шеніне кір келтірді деп айыпталған.

Енді бұрынғы тәртіп сақшылары мемлекеттік қызметке орналаса алмайды. Жеке бас араздықтары кесірінен арадағы жанжал ушығып, бір – бірне суық қару кезенген полицейлер ісі көпшілктің есінде. Оқиға 8 маусым күні кешқұрым болған еді. БҚО ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белгібековтың айтуынша, қазір Қылмыстық Кодекстің 380-ші бабы, яғни билік өкіліне қарсы күш көрсеткен деген дерекпен тергеу амалдары жалғасып жатыр.

– Біреуі капитан шенінде, екіншісі лейтенант атағындағы қызметкерлер. Екеуі де өзара сәл түсініспеушіліктің нәтижесінде осындай бір резонанстық жағдайға әкеп соқты. Қызметтік тергеудің нәтижесі тәртіптік комиссияда қаралды. Яғни, екеуін де ішкі істер органдарынан полиция қызметкерінің атағына кір келтіргені үшін жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта екеуі де жұмыстан шығарылды, – деді Болатбек Белгібеков.

Мәлім болғандай көлік ішіндегі тәртіп сақшыларының дөрекі әрекеті әлеуметтік желіде таралған еді. Олар рөлде отырған полицейді пышақтамақ болып, кейін қашып кеткен. Видеоны тексерген құзырлы орган төбелескендердің екеуі де полиция қызметкері екенін анықтады.

Айнұр ҚҰРМАШЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»