ОРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТӨРТІНШІ ТОҚСАНДЫ ҚАЛАЙ БАСТАДЫ
Қазақстанның барлық өңіріндегі мектептерде IV оқу тоқсаны басталды. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, балалар аралас форматта оқуға баруда. Орал қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қаладағы 51 мектепте 34334 оқушы дәстүрлі түрде, ал, 1-5 сыныптың 1848 оқушысы ата-аналарының өтінішіне сәйкес қашықтан оқиды.

Оқушылар негізгі пәндерді дәстүрлі, қалған пәндерді қашықтан оқи береді. Мәселен, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерді қашықтан оқуға мүмкіндік алды. Ал, дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізіледі.
Қазіргі таңда 1-5 сыныптарда жалпы 30086 оқушы болса, оның 28238 оқушысы штаттық режимде оқып отыр, ал қалғандары ата-аналарының өтініші бойынша онлайн форматта оқиды. 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары онлайн форматта «онлайн мектеп» платформасы арқылы білім алуды бастады. 9,11 сыныптың 6096 оқушысы аралас форматта білім алуда.
Мектептерде барлық санитарлық талаптар сақталып оқу үрдісі ұйымдастырылуда. Атап айтқанда: мектептерде медицина қызметкерлері барлық қызметкерлермен білім алушылардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізеді (термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімді ауыстыру);
Барлық мектептерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мектеп әкімшілігі қадағалайды. Сонымен қатар мектептерде кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызметкермен бірге температураны байланыссыз термометрмен өлшеп, персоналға нұсқау беріп, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстырып, дезинфекциялап, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалап, нұсқаулық, термометрия журналын жүргізеді.
Барлық үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кіші қызметкерлер есік тұтқаларын, сантехника жабдықтарын күніне кемінде 2 рет ылғалды жинайды.
Оқушылар мен персоналдың қолдарын өңдеу үшін әр қабатта, әр сыныпта, санитарлық тораптарда қол жетімді жерлерде тері антисептигі қойылды, диспенсерлер және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтар орнатылды. Әр ауысымда бір-бірінен 1,5 метрден кем емес қашықтықта 1 парта 1 балаға бекітілген. Әрбір сынып бөлмелерде, сондай-ақ жалпы мектеп ғимаратында қашықтық сақтауға арналған белгілер салынды.
Барлық мектептерде сабақ кестелері құрылып, екі ауысымда кесте бойынша сабақ жүргізілуде.
2020 жылғы 1 мамырдағы облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиевтің төрағалық етуімен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша өткен кеңес хаттамасының 4-ші тармақшасын орындау мақсатында қаланың білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту мен кезекші топтарындағы оқу үрдісі кезінде санитарлық-талаптардың сақталуына зерделеу жүргізу үшін мониторингтік топ құрылған.
Мониторингтік топ апта сайын мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында санитарлық талаптардың сақталуын зерделеп, нәтижесі талданып, ескертулер бойынша түзету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар мониторинг топ жұмысының нәтижесі білім басқармасына жолданады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу