ОРАЛДЫҚ КӘСІПОРЫНДАР БЕТПЕРДЕ ӨНДІРУДІ БАСТАДЫ
Қазіргі уақытта жеті жеңіл өндіріс кәсіпорны жеке қорғану құралын өндіруді қолға алды. Әзірге «ҚазМедКом», «Адванс-Маркет» серіктестіктері және Қазақ саңыраулар қоғамының Орал оқу-өндірістік кәсіпорны іске кірісті.

– Медициналық бетперденің тапшылығына байланысты төрт күн бұрын бетперде тігуді қолға алдық. Осы күнге дейін 6000-нан аса қорғану құралын дайындадық. 100 пайыз мақтадан жасалған бөз матадан, қос қабатталып тігіледі. 12 тігінші жұмыс жасауда. Жұмыс кестесі қалыпты – 9.00-ден -18.00-ге дейін. Шикізатты Ресейден алдырдық, 100 мың данадай тігуге жететін қорымыз бар. Тауардың өз құны 140 теңгеге шығады, біз 180 теңгеден ұсынамыз, – дейді «Адванс-Маркет» ЖШС директоры Берік Әбілқасов.
Аталмыш серіктестік қазір тапсырыс бойынша «Жайық Таза Қала», «Орал ТехСервис», Полиция департаменті мекемелерінің ұжымына дайындауда. Егер жергілікті әкімшілік тарапынан дәріханалар немесе сауда орындары арқылы саудаға шығаруға қолдау көрсетілсе, тігін фабрикасы мақсатты түрде халықтың сатып алуы үшін өндіруге дайын.
Жергілікті кәсіпорындар аптасына 100 мың дана бетперде өндіреді деп күтілуде. Алдағы уақытта олар дәріхана желілеріне таратылмақ.
– Жеке қорғану құралдары фармацевтикалық бақылау комитеті бекіткен стандарт бойынша ауа өткізетін матадан тігілуі тиіс. Көлемі бойынша үлгі ұсынылды. Осы талапқа сай кәсіпорындар өндірісті бастады. Әрине, бұл мәрлі, матадан тігілетін жеке қорғану құралдары. Ал «ҚазМедКом» компаниясының лицензиясы бар. Олар қазір сертификаттарын рәсімдеуде. Жақын күндері осы компания медициналық бетперделерді дайындайтын болады. Кәсіпорындарымыз аптасына 100 мың дана жеке қорғану құралын шығаратын болса, өңір тұрғындарының сұранысын қанағаттандыратын боламыз, – деді БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанна Бекқалиева.
Өндірілген тауар бағасы қандай болары әзірге белгісіз. Бұл өндірушінің шығынына қарай реттелмек. Дегенмен, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы негізсіз көтеру болмайтынына сендірді. Жергілікті кәсіпорындар өндірген қорғану құралдарын дәл қазіргі уақытта Н.Назарбаев даңғылында орналасқан №1 дәріханадан алуға болады. Айта кетерлігі бұл жеке қорғану құралдары бірнеше мәрте қолдануға жарамды. Жуып, үтіктеп пайдалана берсе болады.



Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу